Архив событий

17/01/2017

Солтүстік Қазақстан облысының соты жұмыс берушіден жұмысшылардың пайдасына жалақыны және қолданылмаған еңбек демалысы үшін үстемақы өндіріп алды

17/01/2017

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотына Еңбек кодексінің талаптарын бұзып, төленбеген  жалақыны  және қолданылмаған еңбек демалысы үшін үстемақыны жұмыс берушіден өндіріп алу туралы «СБИ-Агро Ташкентка» ЖШС-нің 13 жұмысшысы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында талапкер мен жауапкер сотқа медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім ұсынды.

Қостанайда 2 жастағы баламен араласу туралы ата-ана арасындағы дау партисипативтік тәртіппен шешілді

17/01/2017

Бұрынғы ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы екі жастағы баланың әкесімен кездесу тәртібі бойынша келісімге келе алмаған. Аталған дауды шешуге Қостанай қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органының араласуы да өз септігін тигізбеген. Қорғаншылық және қамқоршылық органының әке мен баланың кездесіп араласу туралы бекітіп берген кестесі екі тараппен де сақталмаған. Нәтижесінде ата-ананың бірі сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Шығыс Қазақстан облысында сот жазаны өтеп жүрген екі сотталғанның жазаларын арттырып, ҚАЖ атына жеке қаулы шығарды

17/01/2017

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандарылған ауданаралық сотында ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, аса ірі мөлшердегі есірткі заттарды, өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау, жөнелту және өткізу фактілері бойынша ОВ-156/15 мекемесінде жазасын өтеп жатқан екі сотталғанға және бостандықта жүрген бес тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.