Қостанайда 2 жастағы баламен араласу туралы ата-ана арасындағы дау партисипативтік тәртіппен шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бұрынғы ерлі-зайыптылар ұзақ уақыт бойы екі жастағы баланың әкесімен кездесу тәртібі бойынша келісімге келе алмаған. Аталған дауды шешуге Қостанай қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органының араласуы да өз септігін тигізбеген. Қорғаншылық және қамқоршылық органының әке мен баланың кездесіп араласу туралы бекітіп берген кестесі екі тараппен де сақталмаған. Нәтижесінде ата-ананың бірі сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Адвокаттардың атсалысуының және білікті кәсіби заң көмегін көрсетуі нәтижесінде азаматтық іс бойынша соттық талқылауға дайындық кезінде  ата-ана дауды өз балаларының мүддесін ескере отырып шешіп, өзара тиімді келісімге қол жеткізген.

Қостанай облысының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баламен араласу туралы ата-ана арасындағы дау партисипативтік тәртіппен шешілді, азаматтық іс өндірістен тоқтатылды.

Жалпы 2016 жылы Қостанай облысының ювеналдық сотында ата-аналар арасында бітімгершілік бекітіліуіне байланысты түрлі санаттағы 54 азаматтық іс тоқтатылған. Оның ішінде 9 іс тараптардың келісімге келуімен, 43 іс даудың медиация тәртібімен шешілуіне орай, ал 2 іс партисипативтік тәртіппен шешілген.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі