Архив событий

09/01/2017

Маңғыстау облыстық сотында жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

09/01/2017

Маңғыстау облыстық сотының төраға міндетін атқарушы Ержан Қарабаев Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Алтай Қонысовты ұжымға таныстырды.

Іс-шараға Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ө.Садықов, судьялар мен кеңсе қызметкерлері, сондай-ақ өңірдің құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Қызылорда облысының соты жаңадан тағайындалған судьялармен толықты

09/01/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков ұжымға жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа судьялармен тағайындалды: Қызылорда қаласының №2 соты және Қармақшы аудандық соты лауазымына Жұлдыз Жәкеева және Ермек Құтыбаев.

Ж.Жәкеева Қызылорда облыстық сотының маманы, сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарған, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқып, «заң ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесін алған.

Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Л.Күдекова: «Барлық кандидаттар лайықты»

09/01/2017

Ақмола облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі Астана қаласы Алматы аудандық сотының судьясы Ләззат Күдекованың қатысуымен жалпы отырыс өтті.

Жалпы отырыс қатысушылары соттармен өзара іс-қимыл бойынша кеңес кандидаттарды іріктеу нәтижесін талқылап, конкурсқа  қатысатын барлық кандидаттарды қарады.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес судьялыққа үміткер 15 кандидатқа оң баға берді

09/01/2017

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының жанындағы Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Оның жұмысына кеңестің төрағасы Г.Ағаділова менхатшысы М.Әміров және кеңес мүшелері Қ.Досалиев, Х.Бациев, М.Сейтжанов қатысты.

Кеңестің отырысында судьялыққа үміткер кандидаттармен судьялардың жинақталған құжаттарымен танысып, олардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін білу үшін, әрбір қатысушымен жеке әңгімелесіп және ол бойыншатиісті қорытындылар берді.