Солтүстік Қазақстан облысының соты жұмыс берушіден жұмысшылардың пайдасына жалақыны және қолданылмаған еңбек демалысы үшін үстемақы өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотына Еңбек кодексінің талаптарын бұзып, төленбеген  жалақыны  және қолданылмаған еңбек демалысы үшін үстемақыны жұмыс берушіден өндіріп алу туралы «СБИ-Агро Ташкентка» ЖШС-нің 13 жұмысшысы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында талапкер мен жауапкер сотқа медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім ұсынды.

Медиативтік келісім шарты біреудің құқығын, бостандығын және мүддесін бұзбайтындығын, Заңнамаларға қарама-қайшы келмейтіндігіне  байланысты, медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім сот ұйғарымымен  бекітітіліп, іс бойынша іс жүргізу қысқартылды.

«СБИ-Агро Ташкентка» ЖШС–нен жұмысшылар пайдасына жалпы сомасы 673 479 теңге сомасында жалақы жөнінде берешек өндіріп алынды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Қайнар: 
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі