Архив событий

26/01/2017

Жоғарғы Сотта халықаралық сарапшылардың қатысуымен судьялардың семинар-кеңесі өтті

26/01/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта халықаралық сарапшылардың қатысуымен жоғары сот органы судьяларының семинар-кеңесі өтті. Оған облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен әкімшілері, Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы, Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының төрағасы мен судьялары қатысты.

Қазақстан Республикасының аумағына кіру және шығу тәртібін бұзған шетелдік 15 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

26/01/2017

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзған шетелдік азаматтарға қатысты 15 әкімшілік істі қарады.

Түрлі мемлекеттерден келген құқықбұзушылардың ішінде төртеуі Қырғызстан, төртеуі Өзбекстан, үшеуі Ресей, екеуі Тәжікстан, біреуі Пәкістан және біреуі Әзірбайжан мемлекеттерінің азаматтары.

Сот төрелігі академиясында «Ақпаратқа қолжетімділіктің құқықтық стандарттары» атты тренинг өтті

26/01/2017

2017 жылдың 25 қаңтарында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында «Ақпаратқа қолжетімділіктің құқықтық стандарттары» атты тренинг өтті.

Семинарды «Орталық Азияда адам құқықтарын қорғауды зерттеудің халықаралық институты» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Тренингтің мақсаты ақпаратқа қолжетімділіктің құқықтық стандарттары туралы хабардар болу деңгейін арттыру. сарапшы ретінде ақпаратқа қолжетімділік бойынша Ұлыбританиядан келген халықаралық сарапшы Бойко Боев сөз сөйледі.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров 2016 жылы сот төрелігін атқарудың сапасы жақсарғандығын атап өтті

26/01/2017

Брифингте сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров, өткен жылда өңір соттарына 158 225 астам  (18,1% артқан) арыздар мен істер түскенін атап өтті.