Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров 2016 жылы сот төрелігін атқарудың сапасы жақсарғандығын атап өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Брифингте сөз сөйлеген Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Д.Әміров, өткен жылда өңір соттарына 158 225 астам  (18,1% артқан) арыздар мен істер түскенін атап өтті.  

Аталған мерзім аралығында жалпы облыс соттарымен 66 472 азаматтық істер қаралған, яғни 2015 жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артқан. Осы ретте шығарылған сот актілерінің 99,3% заңды және дұрыс негізделген деп танылды. Д.Әміровтың айтуынша қаралған істер санының артуы, азаматтар мен заңды тұлғалардың  өз құқықтарымен мүдделерін қорғау үшін сот жүйесіне деген сенімнің артып келе жатқандығын  білдіреді.

2016 жылы облыс соттарымен барлығы 4 372 қылмыстық істер қаралған. 2015 жылмен салыстырғанда  істердің қаралуы 0,3 %-ға  өскен.

36 121 әкімшілік істер  қаралған, 2015 жылмен салыстырғанда, қаралған әкімшілік істердің саны 10,9 %-ға азайған.

Д.Әміров өз сөзінде, облыстың сот жүйесінің алдына қойған негізгі міндеттерінің бірі істерді жедел әрі сапалы қарау болып табылатындығын атады. Осы ретте, істерді қараудың санының артуы олардың қаралу сапасына кері әсер етпеуі қажеттігі де  аталып өтілді. 

Облыстық сот төрағасы сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мақсатында қабылданған шаралар туралы ақпараттандырды. Олардың арасында сот жұмыстарының жариялылығын көтеру, инновациялық технологияларды енгізу, судьялыққа үміткерлерді таңдау жұмыстарын күшейту, ұдайы әлеуметтік зерттеулер жүргізуге бағытталған жұмыстар жүргізіліп тұруы да айтылды.  2016 жылы сот төрелігін атқаруды дамыту жұмыстары сот ісін жүргізуді жеңілдетуге, дауларды сотқа дейін реттеу практикасы, заңнамаларды модернизациялау, соттан тыс механизмдерді қолдануды кеңейтуге бағытталып жүргізілді.

Өңір соттарымен 106 965 істер аяқталған, олардың ішінде 8 969 істер (8,4%) татауластыру рәсімдерін қолданумен қысқартылған, ал 2015 жылы осы көрсеткіш 3,2%-ды құраған. «Сот кабинеті» арқылы облыс соттарымен түскен арыздар жалпы арыздардың 98,2% құрап отыр. Облыстағы барлық мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау органдарына, екінші деңгейлі банктер мен мекемелерге мемлекеттік тілдің сот саласындағы ара салмағын өсіру мақсатында іс қағаздарды және арыз-шағымдарды мемлекеттік тілінде жолдау туралы хаттар жазылды. Мемлекеттік тілде қаралған істердің жалпы саны 21,4 %-ды құрап отыр. Облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттарда 141 сот залдары дыбыс-бейне жазба құрылғыларымен жабдықталған. Сот мәжілістерінде сот процестері дыбыс-бейне жазба  құрылғыларын қолдану арқылы қаралды.  Облыста барлық қаралған істердің 99,8 % дыбыс бейне жазба құрылғыларын қолданумен қаралған.

Брифинг барысында судьялар  БАҚ өкілдерінің сауалдарға жауап берді.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі