Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары қылмыстық процесті одан әрі реформалау жөнінде ақпараттандырды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьялары Гүлжан Абдрахманова мен Айжан Абуова  журналистерге арналған брифингте қылмыстық процесті одан әрі реформалау және құқық қорғау қызметін жетілдірудің басқа да  аспектілері бойынша сөз сөйледі.

Брифинг барысында Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің, облыс прокуратурасының, Әділет департаментінің, ІІД өкілдері журналистердің сауалдарына  жауаптар берді.

Брифингте қылмыстық процессі реформалау бойынша өткізілген жұмыстардың  негізгі аспектілері, сондай-ақ,  сот ісін жүргізудің тиімді үлгісін құру мақсатында 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес қылмыстық және қылмыстық процестік заңнаманың қайтадан қарастырылғаны айтылды. Қылмыстық сот ісін жүргізу адам құқықтары мен бостандықтары  қағидасына негізделген одан әрі кезекті дамуына бағытталған жаңа институттардың енгізілуі тұжырымдамада көзделген.

2015 жылы қаңтар айында қабылданған қылмыстық және қылмыстық процестік кодекстер реформаның дұрыстығын көрсетті.

Мемлекеттік органдардың мүдделі тұлғалар қатарынан ведомствоаралық жұмыс тобы қылмыстық қудалау жүйесін жаңғыртудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар кешені әзірленді.

Сонымен қатар, қылмыстық процестегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау деңгейін жоғарлату, яғни, қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолданбау бойынша негіздемелер тізімін кеңейту негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Ең біріншіден, кәсіпкерлік қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша бұлтартпау шарасын қолдану үшін ұсталған адамды сотқа жеткізу мерзімін 48 сағатқа дейін қысқарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына ұсталғандарға оларға қатысты өткізілген жасырын тергеу әрекеттерін таныстыруды міндеттеу, құқық қорғау органдарының тергеп-тексерілген әрекетінің шегінен тыс дәлелдемелерді жинау тәжірибесін алып тастау, қылмыстық процестің бәсекелестігін арттыру, ең алдымен, адвокаттардың процестік мүмкіндіктерін кеңейту, процесті тергеу мен қамтамасыз етуді үнемдеу рәсімдерін жеңілдету, сотқа дейінгі кезеңге сот бақылауын одан әрі кеңейту, ең алдымен, құқықты шектеу түріндегі процестік әрекеттерді санкциялау нысанында, жасырын тергеу әрекеттерін қоса алғанда,  сот,  прокуратура және сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары арасында өкілеттіктерді анық бөлу және оларды қайталауды болдырмау мәселелері маңызды болып табылады.

Брифинг барысында қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап берілді.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі