Архив событий

12/01/2017

Алматы облыстық сотында жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

12/01/2017

Алматы облыстық сот төрағасының міндетін атқарушы Қалдарбек Досымбет Президент жарлығымен Талғар аудандық сотына жаңадан тағайындалған судья Галия Айтбаеваны таныстырып, тағайындалуымен құттықтады және сот төрелігіне қызмет атқару ісінде табыс тіледі.

Сондай-ақ, салтанатты түрде облыстық соттың судьясы Лидия Березовскаяны отставкамен құттықтады.

Маңғыстау облысының соттарымен 2016 жылы медиация тәртібімен 107 қылмыстық, 536 азаматтық іс қаралып аяқталды

12/01/2017

Бұл туралы Ақтау қаласындағы Достық үйінің мәжіліс залында «Медиация – бітімгершілік пен татуластықтың жолы» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Маңғыстау облыстық сотының судьясы Гүлажар Бақытжанова мәлімдеді. 

Г.Бақытжанова өз сөзінде сотқа келген тараптарға дауды бітімгершілікпен шешіп, медиация тәртібімен қысқартудың тиімділігін, оның құқықтық салдарының ұтымды тұстарын судьялар әрдайым түсіндіріп отыратынын айтты. 

Астаналық судьялар депутаттармен кездесті

12/01/2017

Астана қалалық сотында Парламент Мәжілісінің депутаттары С.Бычковамен, Е.Козловпен және К.Мусинмен судьялардың кездесуі өтті.

Кездесу қатысушылары құқық қолдану мәселелерін талқылады.

Астана қаласы бойынша Судьялар одағы филиалының төрағасы Д.Әбдуғалиев Ұлт Жоспарының бағыттарының бірі – заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылатынына ерекше көңіл аударды.