Архив событий

20/01/2017

Қарағанды облыстық соты мен «Соттық репортерлар гильдиясы» ҚБ өзара ынтымақтастық туралы Меморнадумға қол қойды

20/01/2017

2017 жылдың 19 қаңтарында Қарағанды облыстық соты мен «Соттық репортерлар гильдиясы» ҚБ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Келісімге Судьялар одағы Қарағанды филиалының төрайымы Н. Кузнецова, Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Б. Нұрпеисов және «Соттық репортерлар гильдиясы» ҚБ өкілі И. Московка өз қолдарын қойды.

Алматы облысында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен 2016 жылы атқарылған жұмыстың қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес өтті

20/01/2017

Бүгін Алматы облыстық сотында өңір активінің қатысуымен 2016 жылғы облыс соттарының сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы шығарылды.

Іс-шараға Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы облыстық мәслихатының хатшысы Серік Мұқанов, Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов, облыс судьялары, соттар әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері, сонымен қатар, өңірдің құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарының бірінші басшылары қатысты.