Архив событий

10/01/2017

Алматы қаласының соттарында қайта тағайындалған судьяларды таныстырды

10/01/2017

Алматы қалалық сотының төрағасы А. Ештай пленарлық отырысында Алматы қаласының соттарында қайта тағайындалған судьяларды таныстырды

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының Бурабай аудандық сотының төрағасы лауазымынан бсатыла отырып, Алматы қаласының Әуезов аудандық сотының судьясы лауазымына Сейдахметов Мақсат тағайындалды. Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы болып Болат Саида тағайындалды.

Атырау облыстық сотында жаңадан тағайындалған судьялар салтанатты түрде ант қабылдады

10/01/2017

Ант қабылдауға арналған салтанатты шараға Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов, облыстық сот судьялары мен Атырау облысының қалалық және аудандық соттарының төрағалары қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің 30 желтоқсан 2016 жылғы Жарлығымен судьясы лауазымына тағайындалды Атырау қалалық сотына судьясы лауазымына - С.Желдербаев және К.Макажанов, Атырау қаласының №2 сотына - Д.Трумова, мамандандырылған әкімшілік сотына - Б.Хасенова.

Солтүстік Қазақстан облысында жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

10/01/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Жарлығымен Ғ.Мүсірепов атындағы аудан сотының жаңадан тағайындалған судьясы Рита Оразымбетова таныстырды.

Төраға судьяға судья әдебінің кодексін тапсыра отырып, табысты жұмыс, міндеттеріне адал болуға және азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды мүдделерін қорғау үшін сот төрелігін іске асыруды тіледі.

Павлодар облыстық сотында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары аумақтық судьялар корпусымен кездесті

10/01/2017

Павлодар облыстық сотында Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары, заңнама  және сот-құқықтық реформасы бойынша Комитеттің мүшелері Н.Әбдіров, А.Қожахметов, М.Пшенбаевпен аумақтық судьялар корпусымен кездесу өтті.

 Іс-шараға облыстық сотының төрағасы Мұхтар Смағұлов, облыстық сотының алқа төрағалары мен судьялары, қалалық аудандық соттардың төрағалары, сондай-ақ облыстық прокуратура өкілдері қатысты.

Жамбыл облысының сот корпусы жаңа судьялармен толықтырылды

10/01/2017

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рустем Алшынбаев Қазақстан Республикасының Президенті 30.12.2016 жылғы Жарлығына сәйкес тағайындалған судьяларды облыстық соттың қызметкерлеріне таныстырды.

Осы Жарлыққа сәйкес, судья қызметіне тағайындалды Ернұр Смаилов Тараз қалалық сотына, Фариза Утешова - Тараз қаласының №2 сотына, Ғани Рахманқұлов - Шу аудандық сотына.

Р.Алшынбаев облыстық судьялар қауымына жаңадан тағайындаған судьяларға абыройлы қызмет етулерін тіледі.

Ақмола облыстық сотында Бурабай аудандық сотының жаңа төрағасын таныстырды

10/01/2017

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысын өткізді.

Н.Әбдіқанов Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған Бурабай аудандық сотының төрағасы таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысы бойынша Абзал Балабеков Аршалы аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып Бурабай аудандық сотына төраға қызметіне тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

10/01/2017

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов қалалық және аудандық соттардың жаңадан тағайындалған судьяларын ұжымға таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Әлия Теберикова Тасқала аудандық сотының судьясы және Таймас Ниязов Сырым аудандық сотының судьясы лауазымына тағайындалды

Облыстық соттың төрағасы судьяларды тағайындалуларымен құттықтап, сапалы да, адал сот төрелігін атқаруға, судьялардың әдеп Кодексін мүлтіксіз орындауға тілек білдірді.