Жоғарғы Соттың жалпы отырысында нормативтік қаулы жобасы мен ғылыми-консультативтік кеңестің жаңа құрамы мақұлданды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми кезекті жалпы отырысын өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері қатысты. Мүдделі мемлекеттік органдар атынан – Бас прокурордың орынбасары А.Кравченко, Конституциялық кеңес мүшесі У.Шапақ қатысты.

Күн тәртібіне «Азаматтық процестік заңнаманың кейбір нормаларын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулы жобасына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды талқылау және Жоғарғы Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің құрамын бекіту мәселелері шығарылды.

Бірінші мәселе бойынша. Қаулы жобасын қарау алдында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәми оған енгізілетін түзетулер 2016-2017 жылдарға арналған Әлемдік банк рейтингісінің индикаторларын жақсарту бойынша шаралардың кешенді жоспарына сәйкес әзірленгендігін және сот істерін қарау тиімділігі индексі бойынша «Сот ісін жүргізу сапасы» көрсеткіші («Дуинг бизнес» рейтингісі бойынша) шеңберінде заңнаманы түсіндіруге жолданғандығын атап өтті.

 «Бұл еліміздің экономикасына капиталды инвестициялау процесіне және жалпы оның деңгейін бағалауға өз әсерін тигізетін маңызды фактор болып табылады», - деді Қ.Мәми. Ол Қазақстанның өткен жылы «Дуинг Бизнес» рейтингісінде көрсеткішерінің айтарлықтай жақсарғандығы туралы айтты (189 мемлекеттің ішінде 53-орыннан 41-орынға). «Келісімшарттардың орындалуын қамтамасыз ету» индикаторы бойынша Қазақстанның сот жүйесі әлемде  5 позицияға, яғни 14-орыннан 9-орынға алға жылжыды. Сонымен қатар, Қазақстан рейтингісінің одан әрі жақсаруы бойынша жұмысты жалғастыру Мемлекет басшысының Ұлт Жоспарында белгіленген стратегиялық міндеттермен, сондай-ақ оны іске асыру жөніндегі республикалық және ведомстволық жоспарлармен айқындалған.

Нормативтік қаулы жобасы бойынша баяндама жасаған Жоғарғы Сот судьясы Марина Боровик қаулы жобасының Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциясының қабылдануымен байланысты әзірленгендігін атап өтті.  

2016 жылғы 1 қаңтардан Азаматтық процестік кодекстің (АПК) күшіне енуіне байланысты тиісті нормативтік қаулыға редакциялық мазмұнда өзгерістер енгізу бойынша шаралдарды уақтылы қабылдау қажеттілігі туындады.

Өздеріңізге белгілі болғандай, жаңа АПК-да істің сот талқылауына әзірлеу мерзімі артты, сондай-ақ іске қатысқан тараптар мен тұлғалар шақырылатын даярлықты өткізу нәтижесі бойынша алдын ала сот талқылауы түсінігін енгізді. Бұл судьяға істі сот талқылауына толық және сапалы әзірлеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты төрешілдікті және сот талқылауын негізсіз созуды қысқарту үшін нормативтік қаулыда жауапкердің талап-арызға талап пікірін істі сот талқылауына әзірлеу үшін белгіленген мерзім шеңберінде беру қажеттілігін тура көрсету ұсынылды. Сонымен қатар, редакциялық және процессуалдық мазмұндағы тағы бірқатар өзгерістер енгізілді.

Екінші мәселе бойынша. Қ.Мәми Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің құрамын бекітуді ұсынды.

Аталған құрылымның үш секциясының құрамына 25 адам (тізім қоса беріліп отыр) ұсынылды. Олардың ішінде заң ғылымдарының докторлары, профессорлар Ескендір Жанайдаров, Исидор Борчашвили, Талгат Сәрсенбаев, Роман Подопригора бар. Қауымдастырылған мүше ретінде Қазақстан Республикасы жанындағы Сот төрелігі академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы, Б.Бейсенов атындағы Ішкі істер министрлігінің Қарағандылық академиясы, Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы  енді.

Жалпы отырыстың қатысушылары нормативтік қаулы жобасын талқылай отырып, қабылдануына және Жоғарғы Сот жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелерінің құрамын бекітілуіне бірауыздан дауыс берді.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі