Архив событий

05/05/2016

Жоғарғы Сотта Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті

05/05/2016

Еліміздің жоғарғы сот органында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың алқа төрағалары мен судьялары, сондай-ақ Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері қатысты.

Ақмола облыстық соты соғысқа қатысқан судьялар туралы кітап шығарды

05/05/2016

Ақмола облыстық соты Судьялар одағы Ақмола филиалымен бірлесіп, Жеңіс күнін тойлау қарсаңында «Отан үшін отқа түскен судьялар» атты кітап басып шығарды.

Кітап Ақмола өңірінен Ұлы Отан соғысына қатысқан және соғыстан кейін туған жеріне қайта оралып, сот саласында судьялық қызметті абыроймен атқарған жауынгер-жерлестер, олардың  батырлықтары мен қаһармандығы, фашистік басқыншыларға қарсы соғыста көрсеткен ерліктері туралы жазылған очерктер жинағы болып табылады. 

Сот мүмкіндігі шектеулі азаматтың құқығын қорғады

05/05/2016

Кентау қалалық сотында талап қоюшы Д.Орынбасаровтың жауапкер «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы» АҚ-на қызметтік міндеттерін атқару кезінде денсаулығына келтірілген залалды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.