Архив событий

25/05/2016

Жамбыл облысының судьялары Судьялардың әдеп кодексі жобасын талқылады

25/05/2016

Қазақстан Республикасының Судьялар одағы Жамбыл филиалының соттар этикасы жөніндегі комиссиясының төрағасы, Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Азамат Тілепов еңбек өтілі 5 жылға толмаған Жамбыл облысының судьяларымен Қазақстан Республикасы соттарының Судьялардың әдеп кодексі жобасын талқылау туралы семинар өткізді.

Қарағанды облысының Теміртау қалалық соты Республиканың бүкіл аумағында «Онлайн-казиноға» тыйым салу туралы шешім шығарды

25/05/2016

Теміртау қалалық соты мемлекет пайдасына Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 48-бөліміне сәйкес шетел бұқаралық ақпарат құралдарында – интернет-ресурстарында орналастырылған ақпаратты заңсыз деп тану туралы Теміртау қаласы прокурорының арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Ақтөбе облысының судьялары азаматтардың сотқа деген сенім деңгейін арттыруға және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруды көздеуде

25/05/2016

Ақтөбе облыстық сотында «Ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Кездесуде облыстық соттың алқа төрағасы Нұрсапа Примашев, облыстық соттың судьялары, Соттар әкімшісі Әсет Мамбетов, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Көкшетау қаласының әкімшілік соты 48 азаматқа қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу туралы материалдарды қарады

25/05/2016

Ақмола облысы Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты екі айда (2016 жылғы сәуір-мамыр) 48 азаматқа қатысты жүріп-тұру бостандығын алдын-ала шектеу туралы 48 материал қарады.

Сот анықтағандай, аталған азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттарымен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ, ешбір жерде жұмыс істемейді, кездейсоқ және уақытша табыспен өмір сүреді және олардың баспаналары болмағандықтан қанғыбастық өмір сүреді.

Маңғыстау облысы бойынша соттар әкімшісінің қызметкерлері жас заңгерлермен кездесті

25/05/2016

Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Аманбек Қалпақов Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің заңгер мамандығы бойынша бітіруші студенттерімен кездесті.

Кездесу жас мамандарды соттың жұмысымен кеңірек таныстырып, олардың мемлекеттік қызметке тұруына құқықтық көмектесу мақсатында ұйымдастырылды.