Архив событий

18/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының судьялары Судьялардың әдеп кодексі жобасын талқылады

18/05/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Судьялардың әдеп кодексі жобасын талқылауға арналған  дөңгелек үстел болып өтті.

Талқылау барысында дөңгелек үстелге қатысушылар  Әдеп кодексі жобасының бірқатар баптарын қосу туралы ұсыныстарын білдірді, онда қарастырылған нормалар процессуалдық заңнамаларымен, Азаматтық кодекспен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және  отбасы туралы» кодекспен реттелген.

Талдықорған гарнизонының әскери соты әскери қызметшіден жәбірленуші есебіне 250 мың теңге шығын өндірді

18/05/2016

Талдықорған гарнизонының әскери соты талапкер М.А.Асканбаевтың бір әскери бөлімнің келісімшарт бойынша қатардағы жауынгері М.Е.Акшабаевтан 500 000 теңге сомада моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық істі қарады.