Архив событий

16/05/2016

Қарағанды облыстық сотында сот приставтарының қатысуымен семинар-кеңес өтті

16/05/2016

Қарағанды облысы бойынша Соттар әкімшілігі сот приставтарының семинар-кеңесін өткізді.

Кездесу басында оның қатысушылары нормативтік-құқықтық актілер   («Сот жасауылдары туралы» Заңын, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексін, бірнеше ведомстволық ережелерін) білімі бойынша және дене шнықтыру бойынша (сынақ тапсырды кермеде тартылу, 60, 100 және 1000 метр қашықтыққа жүгіру) сынақ тапсырды.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы БАҚ және ҮЕҰ басшыларымен кездесті

16/05/2016

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен кездесті.                                                                               

Кездесуге облыстық соттың алқа төрағалары, Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері, соттардың БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьялары мен баспасөз хатшылары, сонымен қатар Соттар әкімшісінің  басшылары қатысты.                                                                      

Сот жүйесіне ІТ-технологиялар белсенді түрде енгізілуде

16/05/2016

Астана қаласының Есіл аудандық сотында сот төрағасының және судьяларының, аудан әкімдігі мен прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен «Сот жүйесіне ІТ технологияларды енгізу» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Кездесу барысында Есіл аудандық сотының төрағасы Дамир Әбдіғалиев сот төрелігін жүзеге асыру жұмысын оңтайландырудың басым бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сот ісін жүргізудің айқындығын барынша арттыру болып табылатындығын атап өтті.