Архив событий

27/05/2016

Жоғарғы Сот судьясы Елена Максюта Қазақстандағы сот реформалары туралы «Рravo.ru» ресейлік порталына сұхбат берді

27/05/2016

Москва қаласында жұмыс сапарымен жүрген қазақстандық делегацияның мүшелері – Жоғарғы Сот судьясы Елена Максюта мен Жоғарғы Соттың баспасөз қызметінің басшысы Болат Кальянбеков «Рravo.ru» ресейлік порталына сұхбат берді.

Жамбыл облыстық соты істі медиация тәртібімен қысқартты

27/05/2016

Жеке сот орындаушысы орындалу құжатын қамтамасыз ету мақсатында азамат Г.-ге Қазақстан Республикасы шегінен шығуға тыйым салған.

Г. Тараз қалалық сотына жеке сот орындаушының іс-әрекетіне шағым түсірген.

Тараз қалалық соты арыз берушінің талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен келіспеген Г. Жамбыл облыстық сотына жүгінген.

Атырау облыстық сотының төрағасы облыс тұрғындарымен интернет-конференция өткізді

27/05/2016

Бүгін Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов өңір халқымен интернет-конференция өткізді. Шараның мақсаты - бұқараның сот қызметі туралы ақпараттандырылуын жоғарылату, сондай-ақ сот төрелегін жүзеге асыру мәселелері бойынша онлайн-диалог орнатып, оның ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру.

Облыс тұрғындары өтетін конференция туралы алдын ала облыстық соттың интернет-ресурсындағы және өңірлік «Atpress» интернет–порталы арқылы хабардар етілді.

Маңғыстау облысында оңалту және банкроттық туралы заңнамасын түсіндіру бойынша семинар өтті

27/05/2016

Маңғыстау облысының әкімінің ғимаратында мемлекеттік органдардың мүдделі тұлғаларының, бизнес субъектілерінің, әкімдік жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия мүшелерінің қатысуымен оңалту және банкроттық туралы заңнамасын түсіндіру мақсатында семинар өтті.

Семинар барысында Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Шаншарбек Есбағанбетов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің салық бақылау департаментінің бас сарапшысы Меруерт Сисембаева сөз сөйледі.

Павлодар облысының ауданаралық экономикалық соты сот құжаттарын беру механизмін барынша жеңілдетуді көздейді

27/05/2016

Озат ІТ-технологияларын енгізу  және іс жүргізуді жеңілдету мақсатында Павлодар облысының мамандандырылған экономикалық сотында арнайы бұрыш ұйымдастырылған – «Сот кабинеті» онлайн қызметі арқылы талап арыздарды, арыздарды, қолдаухаттарды, өтініштерді жолдау үшін бөлек компьютер орнатылған.   

Соттың білікті маманы жүгінген адамдарды сервис қызметі мен оның мобильді нұсқасы туралы ақпараттандырады. Арызданушылардың электронды-санды қолы болған жағдайда өз бетінше қандай да бір құжатты жолдауға мүмкіндігі болады.

Қылмыстық iс-әрекет жасағаны үшiн жазаның бұлтартпастығы қағидасынының орындалуы

27/05/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты осыдан 16 жыл бұрын орын алған әскери қызметші Д. азамат Ч.-ны өлтіру фактісіне қатысты қылмыстық істі қарап, азамат Д-ны 9 жылға бас бостандығынан айырды.