Архив событий

20/05/2016

Жоғарғы Соттың жалпы отырысында нормативтік қаулы жобасы мен ғылыми-консультативтік кеңестің жаңа құрамы мақұлданды

20/05/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми кезекті жалпы отырысын өткізді.

Іс-шараға Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері қатысты. Мүдделі мемлекеттік органдар атынан – Бас прокурордың орынбасары А.Кравченко, Конституциялық кеңес мүшесі У.Шапақ қатысты.

Қазақстанның сот жүйесі Сот әкімшілігі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың (IACA) құрамына кірді

20/05/2016

Үстіміздегі жылдың 16-21 мамыры аралығында Нидерланды Корольдігінде Жоғарғы Сот делегациясының жұмыс сапары өтуде.

Делегация құрамына Жоғарғы Соттың судьясы Мадияр Балкен және Жоғарғы Соттың жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов кірді.

Жоғарғы Сотта Ұлт Жоспары шеңберінде тергеу судьяларының жұмысын реформалау бойынша халықаралық семинар өтті

20/05/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында «Үйқамақ. Кепілді қолданудың ерекшелігі. Тінту және жеке тінту, қарауды, алу» тақырыбында халықаралық семинар болып өтті.

ОҚО соттарында «Сот терминологиясы мен әдеби тіл нормасы» тақырыбында семинар сабақтар өтті

20/05/2016

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі мемлекеттік тілді дамыту және редакциялық-баспа жұмыстары секторының меңгерушісі Т.Бекбосын Оңтүстік Қазақстан облыстық соттарында «Сот терминологиясы мен әдеби тіл нормасы» тақырыбында семинар сабақтар өткізді.