Архив событий

17/05/2016

ШҚО-да татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді қолдану қарқынды жүзеге асуда

17/05/2016

Өскемен қалалық соты Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінде Шығыс Қазақстан облыстық соты судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының, Өскемен қаласы Әкімінің, прокуратура қызметкерлерінің, облыстың  ішкі істер басқармасының, облыстық адвокаттар алқасы,  Өскемен қаласының Әділет басқармасы, Білім беру бөлімі, «Шаңырақ» медиация орталығы өкілдерінің қатысуларымен «Қолданыстағы Азаматтық процестік кодексі бойынша татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді қолдану» атты  тақырыбында өңірлік  семинар ұйымдастыр

Қызылорда облысы Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы әкімшілік заңнамаларды қолдану жөнінде полиция қызметкерлеріне семинар-кеңес өткізді

17/05/2016

Арал аудандық сотының бастамасымен аудандық ішкі істер бөлімінің мәжіліс залында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы және істің басқа да материалдарын рәсімдеуде Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері»  тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Шараға Арал аудандық сотының судьясы Д.Мұратбекұлы, аудандық ішкі істер бөлімінің басшы құрамының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті полиция қызметінің барлық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Қостанай облыстық сотының қызметкері республикалық «Тіл – татулық тірегі» атты форумға қатысты

17/05/2016

Қостанай облыстық сотының кеңсе меңгерушісі Вадим Никифоров Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін «Тіл – татулық тірегі» республикалық форумына қатысып қайтты. Форум мақсаты - мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру, оның кеңінен қолдануын насихаттау.