Архив событий

24/05/2016

Қостанай облыстық соты қылмыстық істі қарау барысында тараптарды бітімгершілікке келтірді

24/05/2016

Бүгін Қостанай облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы судья Асламбек Мерғаливтің төрағалық етуімен сотталушы Олжас Каменовтің Арқалық қалалық сотының үкіміне келтірген апелляциялық шағымы бойынша қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, ағымдағы жылдың 23 ақпанында сағат 10.30 шамасында сотталушы Арқалық қаласында тұратын 74 жастағы зейнеткердің  мүлкін ұрлап кеткен.

Атырау облыстық сотында ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен конференция өтті

24/05/2016

Атырау облыстық сотында мемлекеттік органдар басшылары, БАҚ және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, медиаторлардың қатысуымен «Сот және құқықтық реформа. Сот өндірісіне технологиялық жаңашылдықтарды енгізу» тақырыбындағы көнференция өтті.

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов өз сөзінде барлық шараға қатысушыларға алғыс айтып, бұл кездесудің басты мақсаты БАҚ-пен өзара байланыста жұмыс жасауды дамыту және ҮЕҰ өкілдерімен қарым-қатынасты нығайту, сот жүйесінің ақпараттық ашықтығын жасқарту мәселелерін қарастыру екенін атап өтті.

Ақмола облыстық сотының судьялары «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа Заңды қолдану мәселелері талқылады

24/05/2016

Ақмола облыстық сотында «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолдану мәселелері бойынша өткізілген "дөңгелек үстелге" облыстық соттың судьялары, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьялары, прокуратура, облыстық әкімдік, Ақмола облысы бойынша кәсіпкерлер палатасы және қаржылық бақылау инспекциясының өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Медиация – бітімгершілік институты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

24/05/2016

Күршім ауданының № 2 аудандық соты Күршім ауданының Теректі ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында жаңадан ашылған медиация бөлмесінде «Медиация – бітімгершілік институты» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізді.

Іс-шараға Теректі ауылдық округі әкімі, кәсіби емес медиаторлар және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

Астананың судьялары азаматтық сот ісін жүргізудегі татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелерін талқылады

24/05/2016

Астана қалалық сотында «Азаматтық сот ісін жүргізудегі татуластыру рәсімдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Оның жұмысына астананың судьялары, «Нұр Отан» партиясының, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, «Медиацианы дамыту орталығы» РҚБ-ның президенті мен директоры, «Келісу» кәсіби медиаторлар орталығы» РҚБ-ның директоры, кәсіби медиаторлар, мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жамбыл облысының соттарында «Балалар біздің болашағымыз-жақсылық жасаңыздар» атты акциясы басталды

24/05/2016

Жамбыл облыстық соты 1 маусым – Балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Балалар біздің болашағымыз – жақсылық жасаңыздар» атты акциясы өткізіліп жатыр.

Акцияның шеңберінде облыстың судьялары, сот қызметкерлері тұрмысы төмен отбасылар мен балалар үйіне барып, қайырымдылық акцияларына қатысуға ниет білдіруде.