Архив событий

19/05/2016

Қостанай облысының судьялары «Адам саудасына қарсы күрес» тақырыбындағы семинарға қатысты

19/05/2016

Қостанай облыстық соты «Қазақстанның репродуктивті және жыныстық денсаулық ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің Қостанай филиалымен бірлесіп «Адам саудасына қарсы күрес» тақырыбында үкіметтік емес ұйым семинар ұйымдастырды.

БҚО бойынша соттар Әкімшісі және ҚАЗИИТУ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

19/05/2016

Студенттер сарайында Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті және Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Меморандумға Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Ақсерік Әйтімов және Батыс Қазақстан облысы бойынша соттар Әкімшісінің басшысы Рахымқұл Айтмағамбетов қол қойды.

Қарағанды гарнизонының әскери соты Қорғаныс министрлігінен 2 миллион теңге шамасында әскери қызметші пайдасына өндірді

19/05/2016

Қарағанды гарнизонының әскери сотында Т.-ның Қорғаныс министрлігі және 3... әскери бөліміне қатысты әскери қызмет атқару барысында денсаулығына келтірілген зиянның салдарынан жоғалтқан еңбекақысының айырмасын өндіру туралы талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Өскемен қалалық сотында бір жарым миллиардтан астам соманы өндіру туралы дау медиациялық келісімге келу арқылы аяқталды

19/05/2016

Өскемен қалалық сотында  қарызды және  кепілге салынған мүлікті өндіру туралы  азаматтық іс қаралды.

Банк 12 жауапкерге қатысты  банк келісім шарты бойынша қарызды және  кепілге салынған мүлікті өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Онда  жауапкерлермен алынған қарыз ақшаны алу туралы келісім шартты  орындамағаны  үшін талапкер  жауапкерлерден  1 638 586 088 теңге қарызды және  кепілге салынған мүлікті өндіруді сұрады.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін Қостанай қаласы әкімдігінің қызметкеріне айыппұл салынды

19/05/2016

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 207 бабы 8 бөлігі бойынша азамат Д-ға қатысты әкімшілік істі қарады (Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасын бұзу).