Архив событий

04/05/2016

Жоғарғы Сот БАҚ-пен өзара іс-қимыл тұжырымдамасын қабылдады

04/05/2016

Судьялардың алтыншы съезінде Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасы қабылданды. Аталған құжат Жоғарғы Сот Төрағасының тиісті өкімімен бекітілді және барлық облыстық және оларға теңестірілген соттардың орындауына міндетті болып табылады.

ШҚО-да сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін мектептің бұрнғы директоры сотталды

04/05/2016

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық соты мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның қызметтік өкілеттілігін немесе басқа адамдар мен ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алуға не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар пайдаланды деп айыпталған А.Ершоваға қатысты қылмыстық істі қарады.

Ақмола облысының судьялары соғыс ардагері Александр Торкинді құттықтады

04/05/2016

Ақмола облысының ардагер судьялар кеңесінің төрағасы М.Ғибәділов, Целиноград аудандық сотының төрағасы Т.Тұрғамбаев және Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Қ.Жоламанова Ақмола облыстық сотының төрағасы мен судьялар корпусы атынан отставкадағы судья, соғыс ардагері, Ақмола облыстық сотының бұрынғы төрағасы Александр Торкинді келе жатқан Жеңіс мейрамымен және туған күнімен құттықтады.

Ардагер соғыстағы жылдарды, Жеңіс күнін қалай жақындатқандарын есіне түсіріп, көптеген қызықты оқиғалармен бөлісті.