Архив событий

12/05/2016

Павлодар облыстық сотында іс жүргізу мерзімдерін сақтау бойынша әдістемелік құрал таныстырылды

12/05/2016

Павлодар облыстық сотының жалпы отырысында Павлодар облысының ауданаралық экономикалық сотының судьялары құрастырған іс жүргізу мерзімдерін сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдардың таныстырылым өтті.   

Аталған ұсынымдар жас судьяларға қосымша көмекші құрал болып табылады, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу аясында тәжірибеден өткен жас заңгерлерлер үшін де пайдалы болуы мүмкін.

Астана қаласының Әкімшілік соты көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін шетелдік 1 548 азаматты кінәлі деп таныды

12/05/2016

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында 2016 жылдың бірінші тоқсанында шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 1548 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды. Бұлар – Ресей Федерациясының, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Украина азаматтары.

Зағип жандарға Л.Брайл жүйесі бойынша бедерлі нүкте әріптерімен әзірленген сот деректемелері қолданысқа енгізілді

12/05/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотының бастамашылығымен Батыс Қазақстан облысының зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы жуырда «Зағип жандарға Л.Брайл жүйесі бойынша бедерлі нүкте әріптерімен әзірленген сот деректемелері» атты қазақ және орыс тілдеріндегі ақпараттық-әдістемелік құрал жасап шығарды.