Архив событий

30/05/2016

Қазақстанның Жоғарғы Сотына ресейлік сот органдарының делегациясы жұмыс сапарымен келді

30/05/2016

Астанаға ресейлік сот органдарының делегациясы жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаменті Бас директорының орынбасары Виктор Агеев, Костромск облыстық және Солтүстік Кавказ округтік әскери соттарының төрағалары, Сот департаменті басқармаларының бастықтары, сондай-ақ «Правосудие» Мемлекеттік талдамалық жүйесін қолдаудың ақпараттық-сараптамалық орталығы» федеральдік мемлекеттік бюджеттік мекемесінің басшысы Леонид Юхневич (толық тізіммен осы жерде танысуға болады) енген.

Астана қаласы Ювеналдық сотының ұжымы «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде» («АЛЖИР») болды

30/05/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нәзиля Раззақ әріптестерімен бірге Ақмол елді мекеніндегі Саяси құғын-сүргін және жаппай құрбан болғандардың «Алжир» мемориалды-мұражай кешені – «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде» болып қайтты.

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасы өтті

30/05/2016

Жамбыл облысының Тараз қаласында республиканың оңтүстік өңірі бойынша Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасы өтті. Оған Алматы қаласының, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының судьялары қатысты.

Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Ақжайық ауданы ауылдық округтерінің әкімдерімен және кәсіби емес медиаторларымен кездесті

30/05/2016

Батыс Қазақстан облыстық соты жергілікті соттарға істер мен материалдарды қарау және іс жүргізуді ұйымдастыру бойынша тәжірибелік көмек көрсету мақсатында Ақжайық аудандық сотында кездесу ұйымдастырды.

Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьялары Ғизатолла Қырықбаев пен Есенбай Боранбаев аудандық сотта ауылдық округтердің әкімдері және кәсіби емес медиаторларының, аудандық соттың қызметкерлері және аудан тұрғындарының қатысуымен кеңес өткізді.