Астана қаласы Ювеналдық сотының ұжымы «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде» («АЛЖИР») болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нәзиля Раззақ әріптестерімен бірге Ақмол елді мекеніндегі Саяси құғын-сүргін және жаппай құрбан болғандардың «Алжир» мемориалды-мұражай кешені – «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде» болып қайтты.

Сот төрағасы Н.Раззақ XX ғасырдың 1930-1940, 1950 жылдардағы  саяси қуғын-сүргін және жаппай құрбан болғандардың ескерткіш тақтасына гүл қойып, «Қуғын-сүргін жылдары біздің көрнекті тұлғаларымыз құрбан болды, бұл тарихтың қаралы беттері болып қалмақ. Бұл – біздің ғасырлар бойы ұмыта алмайтын қасіретіміз. Менің атам Ахмет Төлегенов те саяси қуғын-сүргіннің құрбаны болды. Оның 1930 жылғы қуғын-сүргіннің құрығына ілініп, алғашқылардың бірі болып  атылғанын Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында ғана білдік» - деді.  

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен 2007 жылғы 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және жаппай  құрбан болғандардың «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені Ақмола облысына қарасты Целоноград ауданының Ақмол ауылында ашылды. Мұражайдың ашылуы 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін құрбандарын «Еске алу күні» деп белгілеу туралы Жарлықтың 1997 жылы қабылданған күніне                   10 жыл толуына әрі жаппай саяси қуғын-сүргіннің 70 жылдығына орайластырылған.

Кейін лагерь ірі ауыл шаруашылығымен, ұсташылығымен, тігін фабрикасымен көп салалы қожалыққа айналған. Ол жабылғаннан кейін 1953 жылы елді мекен Малиновка деп аталса, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Ақмол деп өзгертілді.

Бұл жерде тұтқындар өздері егін екті, мал бақты, құрылыс жұмыстарымен айналысты. Барактар, асхана, малға арналған фермалар, су шығаратын, астық сақтау қоймасы, ұстахана, міне бұлардың бәрі тұтқын әйелдердің қолымен жасалды. Бұлар көбіне ауыр жұмысқа үйренбеген зиялы қауымның өкілдері еді.

 Ұлы Отан соғысы кезінде «Алжир» лагерінде 8 мыңнан аса әйел тұтқында болған. Олардың арасында – маршал М.Тухачевскийдің қарындасы, А.Енукидзенің әйелі мен қызы, С.Сейфулиннің, Б.Майлиннің, Т.Рысқұловтың, С.Қожановтың, Т.Жүргеновтің, Н.Нұрмақовтың, С.Асфендияровтың, одан да басқа жоғары лауазымды зиялы қауым өкілдерінің жұбайлары болған.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі