ювеналды сот

Халықтың құқықтық сауаттылығын дамыту шеңберінде

25/01/2019

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков және С.Аманжолов атындағы университет ректоры Мұқтар Төлеген Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне медаиторлар, оқытушылар, магистранттар мен ЖОО студенттері қатысты.

Меморандум татуластыру рәсімін және «Отбасы соты» жобасын кең қолдану  бойынша жұмыста өзара іс-қимыл жасауға бағытталған.

Петропавлда ювеналдық сот ғимаратының жанында «Отбасы» ескерткіші ашылды

22/12/2017

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратының жанында «Отбасы» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға сот жүйесінің ардагерлері, әкімдік, прокуратура, қамқорлық және қорғаншылық органдарының, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты.

ЮНИСЕФ өкілдері Маңғыстау соттарының жұмысымен танысып, оң баға берді

19/09/2017

БҰҰ  ЮНИСЕФ Балалар қорының  өкілдері, халықаралық кеңесшілер Росс Гвендолин пен Ирина Мацкевич Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудандық сотында болды.

Кездесу барысында қонақтар сот отырысы залдарын, татуласу рәсімдеріне арналған бөлмені, сот ғимаратындағы арнайы  балалар бөлмесін  аралап, балаларға қызмет көрсетуге арналған пилоттық орталықтардың жетістігі туралы сөз қозғады.

Ювеналдық сот: мінез-құлқы қиын балалар тек қана қиын отбасылардан ғана шықпайды

16/05/2017

Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 14-жасқа толған В. есімді жасөспірімді девиантты мінез-құлқы бар балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектеп-интернатына жолдау туралы азаматтық істі қарады.

Астанада «Отбасы – Ұлы құндылық» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті

18/03/2017

Астана қаласының Кәмелет жасына толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Отбасы – Ұлы құндылық» мүсіндік композициясының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Монументтің салтанатты ашылуына Жоғарғы Соттың судьялары Ғалия Ақ-қуова, Зәуре Кейкібасова, Ұлбосын Сүлейменова, Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев, ювеналдық соттың төрағасы Нәзиля Раззақ, судьялар, ювеналдық полицияның, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар (ЮНИСЕФ, PRI, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігі) өкілдері қатысты.

Қостанайда ювеналдық сот республикалық «Асыл бала» Ассоциациясының филиалымен өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум бекітті

02/02/2017

Қостанай облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және республикалық «Асыл бала» Ассоциациясының филиалы өзара іс-қимыл жөніндегі меморандум бекітті.

Меморандум бекітудегі негізгі мақсат – кәмелеттік жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі аясында ортақ шаралар ұйымдастыру болып табылады.

Ювеналдық сот төрағасы жобаларды бағалау жөніндегі жюри құрамына қатысты

09/12/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы  Раззак Н.Р.  әзірленген жобаларды бағалау жөніндегі жюри құрамына қатысты.  

Іс-шара ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ Өкілдігінің қолдауымен Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы (PRI)  болды.

Астана қаласы Ювеналдық сотының ұжымы «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде» («АЛЖИР») болды

30/05/2016

Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Нәзиля Раззақ әріптестерімен бірге Ақмол елді мекеніндегі Саяси құғын-сүргін және жаппай құрбан болғандардың «Алжир» мемориалды-мұражай кешені – «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінде» болып қайтты.

Қостанай облысының ювеналды сот судьялары колледж студенттерімен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» мәселелерін талқылады

16/09/2015

Елбасы қоғамда кез келген тәртіпсіздік пен құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Президент: «Тәртіпсіздік пен елдің заңын бұзушылыққа жол бергеннің жазасы әділ әрі нақты болатындығына ешкімнің күмәні болмауы керек», «Азаматтардың заңға немқұрайлы қарауына жол беруге болмайды», деген болатын.

Беттер