Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты үздік сот отырысының хатшысын анықтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында «Сот отырысының үздік хатшысы» сайысы өтті.

Сайысты ұйымдастырушы  сот төрағасы Арман Жүкеновтің айтуынша, аталған шараны өткізудің мақсаты – сот отырысы хатшыларының  кәсіби біліктілігін көтеру, жауаптылығын арттыру, сот төрелігін және абыройын нығайту, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін үздіксіз жетілдіруге ынталандыру болып табылады.

Байқауға жұмыс өтілі үш айдан жоғары сот отырысының хатшылары қатысты. Сот хатшыларының жұмысын судьялар және кеңсе меңгерушісі құрамынан жасақталған комиссия сараптады. Бағалау барысында хаттаманы сауатты дайындау, іс жүргізу құжаттарының Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің нормаларына сәйкестігі, медиа-жоспарды орындау, сот актілерін уақытылы жіберу басты назарға алынды.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік сот отырысының хатшысы» номинациясына бас маман Меруерт Байдүсенова лайықты деп танылды.  

Меруерт Түлкібайқызы өз еңбек жолын 2014 жылы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында сот отырысының хатшысы лауазымынан бастаған. Жұмыс орнында ол жауапты, ісіне адал, теориялық білімі толыққан және іс жүзінде білікті маман.

Сайыс жеңімпазы грамотамен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

 

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі