Архив событий

07/06/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Батыс Қазақстан облысы судьяларының кеңесіне қатысты

07/06/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан облысы судьяларының кеңесіне қатысты.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Б.Аметов, сот алқаларының төрағалары, қалалық және аудандық соттардың судьялары, Судьялар одағы филиалы мен Соттар әкімшісінің басшылығы қатысты.

Жамбыл облысында бітімгершілік рәсімдерді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

07/06/2016

Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратында бітімгершілік рәсімдерді дамыту саласындағы ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Қол қою рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары өтті

07/06/2016

Өскемен қаласында республиканың шығыс аймағы бойынша Қазақстан Республикасы Судьялар одағының VIII спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары өтті.

Спорттық жарысқа Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының судьялары қатысты.

Павлодарда азаматтық іс жүргізуде татуластыру рәсімдерін қолдану мәселелері талқыланды

07/06/2016

Павлодар қалалық соты "Азаматтық іс жүргізуде татуластыру рәсімдерінің өзекті мәселелері» тақырыбына семинар-кеңесін өткізілді.

Семинар жұмысына судьялар, Қазақстанның халықтар Ассамблеясы,  этномәдени орталықтар, Достық Үйі, қаланың пәтер иелерінің кооперативтер Кеңесі, медиаторлар ұлттық палатасы, адвокаттар алқасы, қала әкімшілігі және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің өкілдері қатысты.   

Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 1500 азамат әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды

07/06/2016

2016 жылдың бес айында Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 1586 әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс қаралып, 1500 азамат келесі әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылды: 33 азаматқа ескерту жасалды, 794 азаматқа әкiмшiлiк айыппұл тағайындалды, 183 азамат әкімшілік қамаққа алынды, 464 азаматқа арнайы құқықтан айыру жазалары  тағайындалды, шетелдікті немесе азаматтығы жоқ 26 азамат Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберілді.