Архив событий

13/06/2016

«Сот кабинеті» сервисі: пайдаланушылардың ұсыныстары іске асырылуда

13/06/2016

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің (www.sud.kz)  ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасын іске қосты.

«Сот кабинеті» электрондық өзара іс-қимыл, сондай-ақ сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығы арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Оралда судьялар, мемлекеттік мекемелердің, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «дөнгелек үстел» өтті

13/06/2016

Батыс Қазақстан облыстық сотында «Оңалту рәсімі және жеделдетілген оңалту рәсімі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға судьялар, прокуратураның, БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің, «БҚО кәсіпкерлер және индустриялық – инновациялық» ММ-нің, БҚО Кәсіпкерлер палатасы мен «Даму» кәсіпкерлерге жәрдемдесу Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық қоры мен БАҚ өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында бітімгершлік рәсімдерді қолдану бойынша практикалық семинар өтті

13/06/2016

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында татуластыру рәсімдері аясында өзара әріптестік қызмет туралы бекітілген меморандумға сәйкес Абай, Тарбағатай аудандары мен Семей, Өскемен қалаларынан соң Күршім ауданында «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі. Бітімгерлік рәсімдерін насихаттау және оларды азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

Әскери сот талап арызды қайтару мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізді

13/06/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотында судья Ғ.Есжановтың төрағалық етуімен «Талап арызды қайтару – дауды шешудің жолы емес» атты «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға Бас әскери прокуратураның, Ақмола гарнизоны әскери прокуратурасының, Қорғаныс министрлігінің, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері мен Ұлттық ұланның заң департаменттерінің заңгерлері, сонымен қатар, Астана қаласында орналасқан әскери бөлімдердің заң кеңесшілері қатысты.   

Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында жас судьялармен тәлімгерлік жұмысының мәселелері талқыланды

13/06/2016

Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов облыстық соттың жалпы отырысын өткізді. Жалпы отырыста еңбек тәртібін күшейту, сот ғимаратында өткізу режимін сақтау және соттар ғимараттарына кіру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Сот төрағасы облыстық сот пен аудандық және оларға теңестірілген соттардың ғимараттарында қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсыра отырып, қауіпсіздік пен еңбек тәртібінің жұмыс сапасына тікелей әсер ететіндігін атап өтті.