Архив событий

01/06/2016

Республикалық соттар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізді

01/06/2016

Республикалық соттар Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды.

«Балаларды қорғау күні» мерекесінде Атырау облысының жас судьялары «Шаңырақ» балаларды тәрбиелеу ауылында болып, 4-18 жас аралығындағы 47 бүлдіршінді  тәрбиеленуде мерекелерімен құттықтап, оларға бағалы сыйлықтар мен тәттілерді сыйға ұсынып, бүлдіршіндерге қуанышты көңіл-күй сыйлады.

Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, концерттік бағдарламаларын көрсетті.

Қостанай облысының соттары балаларды халықаралық мерекемен құттықтады

01/06/2016

Қостанай облысының соттары өз жалғасын тапқан «Жақсылық жаса – жақыныңа көмектес!» акциясының аясында аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасындағы балаларға көмек көрсетуде.

Қостанай облыстық сотының ұжымы жыл басынан бастап көмек көрсетіп келе жатқан көп балалы Байменовтердің отбасында болып қайтты. Құралай Байменова жастары 14 жасқа дейінгі аралықтағы 7 қыз баланы тәрбиелеп отыр,  жұбайы II топтағы мүгедек жан.

Жамбыл облыстық сотының судьялары журналистерді Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің жұмысы туралы ақпараттандырды

01/06/2016

Орталық коммуникациялар қызметінің Жамбыл филиалында өкен брифингте облыстық соттың судьялары журналистерді Соттармен өзара іс-қимыл кеңесінің жұмысы туралы ақпараттандырды.

Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаеваның ақпараты бойынша 2016 жылдың 4 айында Жамбыл облысы соттары медиациялық рәсімдерді қолдана отырып, 286 азаматтық іс (3,0%): 51 қылмыстық іс (11,5%) және 48 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс (9,5%) қаралған, 3 азаматтық іс бойынша партисипитивтік келісім бекітілген.

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары балаларды мерекемен құттықтады

01/06/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасымен Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған облыс соттары қызметкерлерінің балалары қатысқан салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.