Архив событий

08/06/2016

Әскери сот әскери қызметшіден тұрғын үйді жалға алғаны үшін заңсыз төленген өтемақыны өндіріп алды

08/06/2016

ҰҚК Шекара қызметі әскеи бөлімдерінің бірі тұрғын үйді жалға алғаны үшін заңсыз төленген 1 127 000 теңге өтемақыны С.-тен өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясының 2014 жылғы 24 мамырдағы хаттамасымен жауапкер – әскери қызметші С. мен оның отбасы мүшелерінің тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалпы 1 127 000 теңге ақшалай төлемақы төленгенін анықтады.

Шығыс Қазақстан облысының аудандық соттарында кадрлық өзгерістер орын алды

08/06/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров  Жарма ауданының №2 аудандық сотының және Абай аудандық сотының жаңадан тағайындалған төрағаларын таныстырды.

Кездесуге Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, Семей қалалық соттарының төрағалары, Семей қалалық прокуратурасының өкілдері, сот жүйесінің ардагерлері, Абай ауданының әкімі Тұрсынғазы Мұсапірбеков, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың басшылары, сондай-ақ өңірдің басқа да мекемелерінің өкілдері қатысты.

Атырауда судьялар мен ҮЕҰ өкілдері судьялардың Әдеп кодексі жобасын талқылады

08/06/2016

Атырау облыстық сотында Судьялар одағы филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының бастамасымен облыс соттары судяларының, доғарыстағы судьялардың, қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Іс-шарада Қазақстан Республикасы судьялары Әдеп кодексінің жобасы талқыланды.

Жоғарғы Сот Төрағасы Маңғыстау облыстық сотында судьялар кеңесінің жұмысына қатысты

08/06/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен Маңғыстау облыстық сотында ағымдағы жылдың бес айының қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға облыстық қалалық және аудандық соттардың судьялары, сондай-ақ Судьялар одағы филиалы мен Маңғыстау облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшылығы қатысты.

Кеңес шеңберінде өңір соттары, Судьялар әдебі жөніндегі комиссия мен Судьялар одағының Маңғыстау облыстық филиалы жұмысының қорытындылары талқыланды.

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының отырысы өтті

08/06/2016

2016 жылғы 6-7 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының судьялыққа кандидаттардың біліктілік емтихандарын қабылдау жөніндегі отырысы өтті.

Емтиханға 67 адам қатысты, соның ішінде 20 адам білікітілік емтиханын ойдағыдай тапсырды. Біліктілік емтиханын тапсыру кезінде кандидаттардың теориялық дайындық деңгейі және білімін практикада қолдану қабілеті тексерілді.

Біліктілік емтиханын ойдағыдай тапсырған тұлғалар   полиграфологиялық зерттеуге жіберілді.