Архив событий

22/06/2016

Қайрат Мәми Ақтөбе облысының активі мен судьяларына облыстық соттың жаңа төрағасын таныстырды

22/06/2016

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Ақтөбе облыстық сотындағы өңірдегі судьялардың кеңейтілген кеңесінің жұмысына қатысты.

Іс-шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстық соттарының төрағалары Ерлан Айтжанов пен Мұратқали Әкетай қатысты. Бұған қоса, облыс активі, өңір судьялары, Судьялар одағы филиалы мен Соттар әкімшісінің басшылары қатысты.

Алматы облыстық соты залал шығынын өндіріп алу туралы дауды медиация тәртібімен шешті

22/06/2016

Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген залал шығынын өндіріп алу туралы  азаматтық іс бойынша іс жүргізуді  қысқартты.

Талапкер Берік Ақанов жауапкер Олжас Артықбайға талап арызбен сотқа жүгініп, өз талап арызында жол-көлік оқиғасы нәтижесінде оның автокөлігіне зиян келтіргенін, осы дау ұзақ уақыт бойы шешімін таба алмағандығын атап өтті. Алайда, азаматтық істер жөніндегі сот алқасы тараптарды татуластырушы-судьяның қатысуымен медиативті келісімге келтірген.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының және Судьялар Одағы филиалының қолдауымен азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарау бойынша Әдістемелік ұсынымдар әзірледі

22/06/2016

Жас судьяларға кәсіби даярлығы мен судьялық жұмыс дағдыларын игеруге көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық сотының Оқу орталығы және облыс соттарымен Судьялар одағы Шығыс Қазақстан облысы филиалының қолдауымен азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді  қарау бойынша Әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Жоғарғы Соттың Төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

22/06/2016

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми БАҚ басшылары мен қызметкерлерін, соттардың баспасөз қызметінің мамандарын келе жатқан кәсіби мереке – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтады.

ҚР Әскери соты мен ҚазГЗУ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

22/06/2016

Астанада Әскери соттар Әкімшісі және Қазақ гуманитарлық заң университеті ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға Қазақ гуманитарлық заң университетінің құқық жоғары мектебінің директоры Сергей Пен және Әскери соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов қол қойды.

Меморандумға қол қою салтанатты рәсіміне жоғары оқу мекемесінің басшылығы, оқытушы-профессорлық құрамы және Әскери соттың қызметкерлері қатысты.

Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы судьялары кәсіби қызметінің бағалауы өтті

22/06/2016

Ағымдағы жылдың 7-13 маусымы аралығында Қызылорда, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстық соттары судьяларының кәсіби қызметін бағалау жоспарға сәйкес өткізілді.

Аталған үш облыстан 157 судьяның кәсіби қызметі бағаланып, оның 147 судьясы атқаратын лауазымына сай деп танылды, 10 судьяға кәсіби біліктілігін арттыруға және бір жыл өткеннен кейін кәсіби қызметіне қайта бағалау жүргізу жөнінде ұсыным жасалды.