Архив событий

30/06/2016

Ақтөбе қалалық соты бітімге келуіне байланысты азаматтық істі тоқтатты

30/06/2016

Ақтөбе қалалық сотында талапкер С.-ның жауапкер К.-ден жол-көлік оқиғасы салдарынан болған 754 415 теңге материалдық, 6 000 000 теңге моральдық зиянды және 80 000 теңге көлеміндегі өкілдік ету шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, 2013 жылдың сәуір айында жауапкер К. тас жолдағы «Жаяу жүргіншілер өтпесі» белгісі бойынша жолақтан өтіп бара жатқан талапкер С.-ны автокөлігімен қағып кеткен.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға қол қойды

30/06/2016

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Департамент Қазақстан Республикасында медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға және аталған Меморандумды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды.

Қол қою рәсімі Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы шеңберінде болып өтті.

Қазақстан Республикасының Әскери сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңашылдықтары талқыланды

30/06/2016

Қазақстан Республикасының Әскери сотында «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің жаңашылдықтары әңгіме болған «дөңгелек үстел» өтті.

Аталған іс-шараға Әскери сотының әкімшісінің басшысы Н.Байтілесов, Жоғарғы Сот Департаментінің қызметкерлері Р.Жакенова, А.Тоқжұманова мен О.Айтжан, прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның өкілдері, әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлері қатысты.