Архив событий

31/05/2016

Қазақстан Жоғарғы Сотының делегациясы Ресей Федерациясының сот органдарына іссапармен барып қайтты

31/05/2016

Ағымдағы жылғы 24-28 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының делегациясы Ресей Федерациясына танысу іссапарымен барып қайтты. Іссапар шеңберінде Ресейдің Жоғарғы Сотында (Мәскеу қ.) және Санкт-Петербург қалалық сотында жұмыс кездесулері өтті. Іссапар ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Маңғыстау облыстық Ақтау қалалық №2 соты медиация туралы «Ашық есік күні» өткізілді

31/05/2016

Маңғыстау облысы Ақтау қалалық №2 соты «Ашық есік күні» өткізді.

«Ашық есік күніне» келген азаматтардың сауалдарына Маңғыстау облыстық сотының судьясы Г.Иманғалиева, Ақтау қалалық №2 сотының төрағасы Қ.Рысқалиева мен кәсіби медиаторлар Ә.Камаладинова, Д.Архабаев, С.Бектілеуов, Н.Сатқанова, Г.Қожамұратова және Ж.Сергей жауап берді.

Павлодар облысының судьялары мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті

31/05/2016

Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында Павлодар облысының судьялары мен қызметкерлері Песчан ауылының жетім балаларға арналған арнайы түзеу мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті.    

Облыстық соттың төрағасы Мұхтар Смағұлов балаларды төл мерекелерімен құттықтап, оларға деңсаулық, бақыт және жарқын болашақ тіледі.

Мереке концертпен басталды. Қонақтар интернаттың 89 тәрбиеленушісіне жеке таңдалған спорттық аяқ киімдерді және тәтті тағамдар сыйлады.

Бейнедәріс барысында Алматы облыстық сотының судьясы оқыту семинарын өткізді

31/05/2016

Алматы облыстық сотында бейнебайланыс арқылы жол жүру ережелерін және көлік құралдарын пайдалану бойынша бұзушылықтарға байланысты қылмыстық және сот тәжірибесінде істерді қарау кезінде халықаралық шарттар нормаларын қолдану мәселелері жөнінде оқыту семинары өтті.

Іс-шараға облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары қатысты.

ШҚО-да татуластыру рәсімдері бойынша меморандум белсенді түрде іске асуда

31/05/2016

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында татуластыру рәсімдері аясында өзара әріптестік қызмет туралы бекітілген меморандумға сәйкес Абай ауданы мен Семей, Өскемен қалаларынан соң Тарбағатай ауданында «Қазақстан Республикасының жаңа Аазаматтық процестік кодексі. Бітімгерлік рәсімдерін насихаттау және  оларды азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану»  тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Әскери соттың судьялары балалар мекемесінің тәрбиеленушілеріне көмек көрсетті

31/05/2016

Әскери сотының судьялары Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында «Жақсылық жаса» атты акциясы өтті. Аталған акция шеңберінде Әскери соттың судьялары мен әкімшінің басшысы Астана қаласының Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне барды.  

Іс-шара барысында судьялар Қыдырхан Сиқымбаев пен Дамир Ахтямов тәрбиеленушілерді балалар мерекесімен құттықтап, Әскери соттың атынан кір жуғыш машинасын, спутникалық қосымшасы бар теледидар және басқа да қажетті тұрмыстық жабдықтарды табыстады.