ШҚО-да татуластыру рәсімдері бойынша меморандум белсенді түрде іске асуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында татуластыру рәсімдері аясында өзара әріптестік қызмет туралы бекітілген меморандумға сәйкес Абай ауданы мен Семей, Өскемен қалаларынан соң Тарбағатай ауданында «Қазақстан Республикасының жаңа Аазаматтық процестік кодексі. Бітімгерлік рәсімдерін насихаттау және  оларды азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану»  тақырыбында дөңгелек үстел  өткізілді.

Дөңгелек үстел жұмысына Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, облыстық соттың судьясы Елдос Жұмақсанов, Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Тарбағатай аудандық соты төрағасының м.а. Лунара Мұратқанқызы, Тарбағатай ауданының №2 аудандық сотының төрағасы Серікбосын Ахметжанов, отставкадағы судья Талғат Омар, «Нұр Отан» партиясының Тарбағатай аудандық филиалының өкілі Жанна Мұхамадиева, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы, ауылдық округ әкімдері, медиаторлар, адвокаттар, мемлекеттік  және мемлекеттік емес мекемелердің өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан Тарбағатай ауданының әкімі Д.Оразбаев облыстық сот басшысының бітімгершілік рәсімдерінің осы өңірде қайта жандануына ерекше үлес қосып отырғандығын атай келе, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Облыстық сот төрағасы Д.Әміровтың ақпараты бойынша ағымдағы  жылдың 20 мамырына дейін татуластыру рәсімдері бойынша ШҚО соттары 307 қылмыстық іс, 1 252 азаматтық іс, 1 252 әкімшілік іс,  барлығы  2 811 істі қарауды аяқтаған.  Меморандумды іске асыру бойынша аудандық және оған теңестірілген барлық соттарда, әкімдіктерде, Достық үйлерінде «Медиация кабинеттері» ашылған. Аудандық соттар елді-мекендерге баннерлер орналастырып, судьялар оқыту сабақтары мен дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда.

Сонымен қатар, Ақжар ауылдық округінің әйелдер кеңесінің төрайымы, кәсіби емес медиатор Алмагүл Құсайынова облыстық сот басшылығына және аудандық әкімдікке, медиация сұрақтары аясында қызмет істеп жүрген мекемелерге ерекше алғысын білдірді.

Кездесуде кәсіби емес медиатор Жұмаш Маханова, адвокат Ахас Байтілеуова, отставкадағы судья Талғат Омар баяндама жасады.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар жаңа Азаматтық процестік кодекстің медиацияны қолдануға қатысты негізгі ережелері мен талаптарын, яғни  бітімгершілік рәсімдерді қолдану  шараларының кеңейтілуін, медиация институтының жетілдірілуін, партисипативтік рәсімнің жанашылдыққа енуін талқылады.

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысында облыстық сот пен аудан әкімі арасында медиацияны қолдану бойынша өзара әріптестік қызмет туралы келісім жасалды. 

Іс-шара соңында облыстық соты төрағасы әкімдерді медиация үрдісін қолдану мен кеңінен насихаттау жұмысын жүргізуге шақырыа отырып, бұл жұмысқа ақсақалдардың үлес қосуы қажеттігін атап өтті.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі