Шығыс Қазақстан облысында бітімгершлік рәсімдерді қолдану бойынша практикалық семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан халқы Ассамблеясы арасында татуластыру рәсімдері аясында өзара әріптестік қызмет туралы бекітілген меморандумға сәйкес Абай, Тарбағатай аудандары мен Семей, Өскемен қалаларынан соң Күршім ауданында «Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық процестік кодексі. Бітімгерлік рәсімдерін насихаттау және оларды азаматтық және қылмыстық сот ісін жүргізуде қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Күршім аудандық сотының және Күршім ауданының № 2 аудандық сотының төрағалары, ауылдық округ әкімдері, прокуратура, БАҚ өкілдері, мемлекеттік мекеме басшылары, «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Елизавета Абдрахманова, Күршім ауданының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Есманбек Ақтекенов және ауданның кәсіби емес медиаторлары мен «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының өкілдері қатысты.

Іс-шараны ашқан Күршім ауданының әкімі Сейсенғазы Шоқаев облыстық сот басшысының бітімгершілік рәсімдерінің Шығыс өңірінде қайта жандануына ерекше үлес қосып отырғандығын атай келе, семинар жұмысына сәттілік тіледі.

Облыстық сот төрағасы Досжан Әміровтың ақпараты бойынша, өткен жылы жыл бойы қаралған  істердің 3577-сі (3,3%) татуластыру рәсімдері бойынша аяқталса, ағымдағы жылдың бес айының қорытындысына сәйкес ШҚО соттары жалпы қаралған істердің 3181-ін (7,9 %) татуластыру рәсімдері бойынша аяқталғанын атап  өтті.

Сонымен қатар, бүгінгі күні атаулы меморандумды іске асыру бойынша аудандық және оған теңестірілген барлық соттарда, әкімдіктерде, Достық үйлерінде «Медиация кабинеттері» ашылғанын және олардың жұмысы алға басып, үгіт-насихат жұмыстарының қарқын алып отырған тілге тиек етті.  

Күршім ауданындағы кездесуде қатысушылар жаңа Азаматтық процестік кодекстің медиацияны қолдануға қатысты негізгі ережелері мен талаптарын, яғни  бітімгершілік рәсімдерді қолдану  шараларының кеңейтілуін, медиация институтының жетілдірілуін, партисипативтік рәсімнің жанашылдыққа енуін талқылады.

«Дөңгелек үстел» жұмысынан соң Д.Әміров аудандағы жастар үйіндегі медиация кабинетіне арнайы барып, медиация кабинетінің жұмыс барысын қадағалап, атаулы мекемеде кәсіби емес медиаторлармен және ауданның құрметті  ақсақалдарымен жүздесті.

Кездесу барысында кәсіби емес медиатор Нұрсовет Қайыров бүгінгі медиацияның, кешегі бітімгершіліктің түп мақсаты береке-бірлік екенін атап өтіп, Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының өңірдегі татуластыру рәсімдерінің өркендеуіне қосқан үлесінің зор екендігінің айтып, өзінің риясыз алғысын білдірді.

Кездесу соңында облыстық сот төрағасы әкімдерді медиация үрдісін қолдану мен кеңінен насихаттау жұмысын жүргізуге шақыра отырып, бұл жұмысқа аудан ақсақалдарының үлес қосуының маңызы зор екенін атап өтті.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі