«дөңгелек үстел»

Республика соттарында медиацияны дамыту және құқықты қолдану мәселелерін талқылау жөнінде бірқатар іс-шаралар өтті

12/04/2019

Павлодар облыстық сотының  азаматтық алқа сотының төрағасы Бақытбек Бегалиев  «Қазіргі заманғы сот төрелігі, проблемалы мәселелер мен оларды шешу жолдары» атты тақырыбына дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара «Отбасы соты» жобасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды.  Дөңгелек үстел жұмысына прокуратура, адвокатура, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ БКБ арқылы өңірлік судьялар қатысты.

Б.Биғалиев, баяндамасында «Отбасы соты» жобасының мақсаттары мен міндеттері туралы айтты.

Астанада есірткі және экономикалық қылмыстар, экстремизм және терроризм бойынша құқық қолдану практикасы талқыланды

23/11/2018

Жоғарғы Сот Заңгерлердің америкалық қауымдастығы (ABA ROLI) өкілдігінің қолдауымен «Қылмыстық сот ісін жүргізуді жетілдіру мәселелері. Қылмыстық істердің және бұйрық арқылы іс жүргізудің жекелеген санаттары бойынша құқық қолдану практикасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасары Ерлік Кененбаев, Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов, Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП өкілдері, ғылыми және практикалық мамандар қатысты.

Ақтауда балаларға жылы шыраймен сот төрелігін ілгері бастыру бойынша жоба іске асырылуда

22/11/2018

Маңғыстау облыстық соты «дөңгелек үстел» өткізді, оның қатысушылары ювенальды сот төрелігін одан әрі қарай жетілдіру мәселесін талқылады.

Іс-шараға судьялар, құқық қорғау мен білім беру органдарының өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қатысты.

Жоғарғы Сотта коммерциялық дауларды шешу мәселесі талқыланды

22/11/2018

Жоғарғы Сот ABA ROLI Заңгерлердің америкалық қауымдастығы өкілдігінің қолдауымен «Коммерциялық дауларды шешуде соттар мен төреліктер арасындағы өзара іс-қимыл» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев,  Жоғарғы және облыстық соттардың судьялары, шетелдік инвесторлар, мемлекеттік органдардың, Қазақстанның төрелік палатасының, «Атамекен» ҰКП, халықаралық заң компанияларының  өкілдері қатысты.

Оралда бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды тағайындау және орындау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

25/09/2018

Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының төрағасы Ақан Жұмағұлов бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды орындау және сотталғандардың қайталап қылмыс жасауларының алдын алу мәселелеріне жөнінде «дөңгелек үстел» өткізді.

Шараға қылмыстық істер қарауға мамандандырылған судьялар, прокуратура және қылмыстық-атқару жүйесінің өкілдері қатысты.

Отбасылық сот құрудың келешегі талқыланды

21/09/2018

Жоғарғы Сотта «Заманауи сот төрелігі жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбында халықаралық «дөңгелек үстел» өтті. Жиынды Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов жүргізді.

Іс-шараға Жоғарғы және жергілікті соттардың судьялары, Парламент депутаттары, медиаторлар, мүдделі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың  өкілдері қатысты.

Жамбыл облыстық соты «Отбасылық сот» пилоттық жобаның аясында алтыжақты Меморандумға қол қойды

27/08/2018

Жамбыл облыстық сотында «Заманауи сот төрелігі жүйесіндегі отбасылық сот» тақырыбында облыс судьялары, ювеналды заң кеңсесінің, білім беру басқармасының, адвокатураның, прокуратураның, «Әділеттік орталығы» ҚБ, «Ана үйі» орталығының, «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің,  «Шанс» құқықтық әлеументтік психологиялық қолдау орталығының, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының медиаторлары, облыс әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Таразда шарттық қатынастар бойынша дауларды қарау кезінде туындайтын мәселелер талқыланды

07/08/2018

Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Атамекен» Ұлттық палатасының филиалымен бірлесіп, «Бизнестің мүддесін сотта қорғау» жобасын іске асыру шеңберінде «Шарттық қатынастар бойынша дауларды қарау кезінде туындайтын мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Өскеменде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды қолданудың өзекті мәселелерін талқылады

27/07/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды қолдану барысындағы өзекті  мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Оның жұмысына  облыстық және экономикалық соттардың судьялары,  прокуратура, Мемлекеттік аудит департаментінің, Мемлекеттік сатып алу басқармасының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Жоғарғы Сотта заңды тұлғаны тарату және мемлекеттік тіркеудің күшін жою мәселелері талқыланды

10/07/2018

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыров салық заңнамасын қолданудың жекелеген мәселелерін талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өткізді.

«Дөңгелек үстел» жұмысына жоғарғы сот органының судьялары, ғылыми қауымдастықтың, Бас прокуратура, Әділет, Қаржы министрліктерінің өкілдері қатысты.

Беттер