Архив событий

02/06/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты шетелдік 12 азаматқа қатысты әкімшілік істерді қарады

02/06/2016

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін Грузия Республикасының 12 азаматына қатысты әкімшілік істерді қарады.

Шығыс Қазақстан облыстық соты азаматтық істерді талап қою арқылы жүргізудегі сот шешімін әзірлеудің әдістемесі бойынша семинар өткізді

02/06/2016

Шығыс Қазақстан облыстық сотында жас судьяларға арналған «Азаматтық істерді талап қою арқылы жүргізудегі сот шешімін дайындаудың әдістемесі» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Рахымбек Мамырбаев, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының отставкадағы судьясы Инесса Қуанова және өңірдегі судьялар қатысты.

Павлодар облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен бір қатар іс-шаралар өткізілді

02/06/2016

Павлодар облыстық сотында кәсіпкерлік туралы заңнаманы қолдану мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен бірқатар іс-шаралар өтті.

Салық заңнамасын қолдану, кәсіпкерлік және оңалту туралы заңнамасын қолдану мәселелері бойынша «дөңгелек үстелге» сот және прокуратура,  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қатысты.

Астана қаласының сотында Татуласу рәсімі институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

02/06/2016

Астана қалалық сотында Астана қаласы Судьялар одағы мен «Нұр Отан» партиясының елордалық филиалы, Астана қаласының Білім беру басқармасы, Астана қаласы соттар әкімшісі, «Медиацияны дамыту орталығы» РҚҚ,  «Келісу» кәсіби медиаторлар одағы» арасында Татуласу рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Судья Қарлығаш Тәткеева татуласу рәсімдері институтының маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы ресейлік сот органдарының делегациясымен кездесті

02/06/2016

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Анатолий Смолин Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаменті бас директорының орынбасары Виктор Агеевпен және судьялар мен аталған Сот департаменті қызметкерлерінен тұратын делегация мүшелерімен кездесті.

Кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметімен танысу және судьяларды кәсіби іріктеу жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша пікір алмасу.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты Азаматтық процестік кодексінің жаңашылдықтарын талқылады

02/06/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Нұр Отан» партиясы филиалының, Қазақстан халқының ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық«Содружество» медиация және құқық орталығы» қоғамдық бірлестігінің, басқа да үкіметтік емес ұйымдардың, прокуратураның, кәсіпкерлер палатасының, адвокаттар алқасы төралқасының және қалалық коммуналдық қызмет ұйымдарының өкілдері қатысқан «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – сот төрелігіне қолжетімділіктің кепілі» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.