Архив событий

16/06/2016

Сот мүгедектің талап арызын қанағаттандырды

16/06/2016

Алматы облысының Текелі қалалық сотына ІІ топтағы мүгедек К. «Текелі қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қатысты арызбен жүгініп, онда  аталған мекеменің тұрғын үй жалдау шартын  жасасудан бас тарту туралы талап арызын заңсыз деп тануын сұраған.  

Орал қалалық соты өңірдегі антимонополиялық қызметтің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімін жариялады

16/06/2016

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты мемлекет мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін жариялады.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Валихан Разов табиғи монополия субьектісі «Ақсайгазпромэнерго» АҚ-ның тәуелділік жағдайын пайдаланып, акционерлік қоғамнан Департамент үшін кеңсе жиһазын талап еткен.

Ақмола гарнизонының әскери соты «Сот кабинеті» сервисін қолдану бойынша адвокаттарға семинар өткізді

16/06/2016

Ақмола гарнизонының әскери соты «Сот кабинеті» сервисінің мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында Астана қаласы Есіл ауданының заң консультациясының адвокаттары үшін семинар өткізді.

Семинар барысында тыңдаушыларға Ақмола гарнизоны әскери соты түсірген «Сот кабинетінің» негізгі артықшылықтары туралы бейнероликті көрсетті.

Қазақстандық судьялар Германияға жұмыс сапарымен барып қайтты

16/06/2016

Ағымдағы жылғы 7-10 маусым аралығында Герман халықаралық құқықтық ынтымақтастық қорының (IRZ) қолдауымен Қазақстан Жоғарғы Сотының делегациясы «Тергеу судьяларының өкілеттіктері» бағдарламасы шеңберінде Германияның Берлин және Потсдам қалаларына жұмыс сапарымен барып қайтты.