Архив событий

29/06/2016

Жоғарғы Сот «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын анықтады

29/06/2016

Республикалық сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және оны насихаттау мақсатында а.ж. жылғы 15 сәуір – 15 маусым аралығында облыстық және оған теңестірілген соттар арасында «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» республикалық конкурс ұйымдастырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болды

29/06/2016

Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Шығыс Қазақстан облыстық сотының ғимаратына арнайы келіп, өңірлік сот жүйесінің жұмыс барысымен және ғимараттағы инновациялық технологиялардың қолданылу аясымен танысты.

Кездесу барысында Соттар әкімішісінің қызметкерлері Рустам Набиев пен Айгерім Хайрулинова облыстық соттың ғимараты бойынша қонақтарға арнайы экскурсия ұйымдастырып, сот жүйесінде орын алып жатқан жаңалықтармен таныстырды.

Қостанайда «Соттарда жаңа электрондық технологияларды қолдану" тақырыбында семинар өтті

29/06/2016

Қостанай қалалық сотында судьялар мен ҮЕҰ-ның қатысуымен «Соттарда жаңа электрондық технологияларды қолдану» тақырыбында семинар өтті. Семинар модераторы Қостанай облыстық сотының судьясы Гүлманат Артықбаева болды.

Астана соттарында медиация ресімдерін өткізу туралы семинар-тренингтер өтті

29/06/2016

Астана қалалық соты Халықаралық құқық қорғау орталығымен бірлесіп астананың барлық соттарында медиация рәсімі және даулар мен келіспеушіліктерді шешуде медиатор құралдары мәселелеріне қатысты  семинар-тренинг болып өтті.  

Семинарларға азаматтық істермен қатар қылмыстық істерді де қарайтын бірінші және апелляциялық сатылардағы соттары қатысты.

Маңғыстау облыстық соты мен облыс әкімдігі арасында өзара ықпалдастық туралы Меморандумға қол қойылды

29/06/2016

Маңғыстау облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Рахметолла Хайруллин мен Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев Дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарының қолдануын кеңейту және жан-жақты дамыту, ақпараттық технологияларды сот ісін жүргізуде кеңінен қолдануы, алқабиге кандидат үміткерлердің тізімдерін іріктеу туралы меморандумға қол қойды.