Архив событий

09/06/2016

Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сотта электрондық-сандық қолтаңба беру бойынша пилоттық жоба қолға алынды

09/06/2016

Алматы қаласы Әуезов ауданының № 2 аудандық сотта талап арыздар мен басқа да арыздарды «Сот кабинеті» электрондық жүйесі арқылы азаматтарға электрондық-сандық қолтаңба беру жөнінде бастапқы пилоттық жоба жүруде.

Аталған жоба Алматы қалалық сотының бастамасымен Алматы қаласының Халыққа қызмет ету орталығымен бірлесіп «Сот кабинеті» жүйесімен азаматтарды таныстыру және сервистік қызметті кең көлемде қолданумен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылады.

Жоғарғы Сотта соттардың дауларды шешудің баламалы тәсілдерін дамыту мәселесі талқыланды

09/06/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттар қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) басшысы Ілияс Испанов құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерімен дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану саласын кеңейту мәселесі бойынша жиналыс өткізді.

Кездесуде сөз сөйлей отырып, І.Испанов Жоғарғы Соттың Төрағасы сот ісін жүргізуде медиативтік рәсімдерді қолдануға, жергілікті және басқа да соттардың жұмысын бағалау кезінде олардың маңыздылығына аса назар аударатынын атап өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының соттарында жаңадан тағайындалған судьялар таныстырылды

09/06/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен жалпы отырыста облыстық соттың төрағасы Мұратғали Әкетай облыстық соттың жаңадан тағайындалған судьялары Гүлзия Ыдырысова мен  Серікжан Ғабдулинді таныстырды.

Облыстық соттың төрағасы жоғарыда көрсетілген судьяларды құттықтай отыра, заң үстемдігінің игілігі және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайту жолындағы қызметте сәттілік тіледі.

Астанада Әскери сот адвокаттар үшін «Сот кабинеті» сервисін қолдану бойынша семинар өткізді

09/06/2016

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіндіктерін және оны қолдануды түсіндіру мақсатында Астана қаласының заң кеңесінің адвокаттарына семинар сабағын өткізді.

Семинар тыңдаушыларына «Сот кабинеті» электронды сервисіне тіркелу/кіру нұсқаулығынан бастап, сервис функционалдарының әрқайсысының ішіндегі тараулары бөлек-бөлек мысалдар келтіру арқылы түсіндірілді.

Қостанай облысында сот жұмыскердің қазасына бригадирді айыпты деп таныды

09/06/2016

Қостанай облысының Таран аудандық сотының үкімімен 23 жастағы Егор Михейлис Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігі бойынша (Еңбектi қорғау қағидаларын бұзуда абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) айыпты деп танылды.

Павлодарда облыстық соттың жаңа судьялары таныстырылды

09/06/2016

Павлодар облыстық сотының төрағасы М.Смағұлов судьялар қоғамдастығына облыстық соттың жаңа судьяларын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ғабит Әлжанов Екібастұз қалалық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып, Павлодар облыстық сотының судьясы қызметіне тағайындалды. Дәл осы лауазымға аудандық соттың судьясы қызметін атқарған Петр Афанасиади және Салтанат Тасмағамбетова да тағайындалды.