Архив событий

27/06/2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Департаменті делегациясының Оңтүстік Кореяға жұмыс сапары басталды

27/06/2016

2016 жылғы 27 маусымнан 30 маусым аралығында Қазақстанның Жоғарғы Соты аппараты қызметкерлерінің Оңтүстік Кореяға таныстыру сапары өтуде. Делегацияны Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ілияс Испанов басқарды. Оның құрамына Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясының ректоры М.Бейбітов, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен Департаменттің жауапты қызметкерлері кірді.

Талдықорғанда облыстық соттың төрағасы және облыс Әкімі өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

27/06/2016

Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов және Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою салтанатты рәсіміне Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай, облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев, әкім аппаратының өкілдері, облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың судьялары, мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық соты ананың қамқорынсыз қалған баланың құқығын қорғады

27/06/2016

Шығыс Қазақстан облыстық соты ШҚО білім беру басқармасының «Жаңа Үлбі облыстық балалар үйі» МҚК-ның талап арызы бойынша Олеся Артамонованың Людмила Марченкоға мұрагерлікті қабылдау мерзімін қалпына келтіру туралы талап арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Көкшетауда облыстық соттың төрағасы мен облыс Әкімі өзара әріптестік жөніндегі Меморандумға қол қойды

27/06/2016

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында қойылған тапсырмаларды іске асыру мақсатында Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов пен Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өзара ынтымақтастық жөніндегі Меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою рәсімі облыстың судьялар корпусының, облыс әкімдігінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, медиацияны дамыту орталығының, адвокаттар алқасының, нотариалдық палата мен үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өтті.

Әскери сотта мемлекеттік тілдің қолданылу мәселелері талқыланды

27/06/2016

Әскери сотта өткен «дөңгелек үстелдің» қатысушылары гарнизондардағы әскери соттарда мемлекеттік тілдің қолдану деңгейі туралы мәселені талқылады.

Талқылауға Әскери сот судьялары, Бас әскери прокуратурасының, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, сондай-ақ адвокаттар алқасының, Астана қаласы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Оңтүстік Қазақстан облыстық соты мен облыс әкімдігі арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

27/06/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында татуласу рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға салтанатты жағдайда қол қойылды.