Архив событий

28/06/2016

Алматы қалалық соты заңды тұлғалардың арасында медиативті келісімді бекітті

28/06/2016

Алматы қалалық соты «Лизинг групп» АҚ мен «Корпорация «Держава» ЖШС-нің арасында медиативті келісімді бекітті.

Талапкер «Лизинг групп» АҚ жауапкер «Корпорация «Держава» ЖШС-не қатысты 84 280 000 теңге көлеміндегі берешекті және сот шығындарын өндіріп алу туралы талап арызымен сотқа жүгінді.

Астананың ювеналдық соттың төрағасы «Балаларға мейірімді Қазақстан» атты республикалық конференцияға қатыстыв работе республиканской конференции «Казахстан, дружественный к ребенку»

28/06/2016

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Нәзиля Раззақ ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ), Орталық Азиядағы Renal Reform International, «Eurasian Expert Council Foundation» ҚҚ қолдауымен «Балаларға мейірімді Қазақстан» атты республикалық конференциясына қатысты. 

Семей қалалық соты азаматтың бұзылған конституциялық құқықтарын қалпына келтірді

28/06/2016

Семей қалалық соты Е.Оразаевтың ШҚО Ішкі істер департаментіне қатысты азаматтығын жоғалту бойынша қорытындыны жарамсыз деп танып, күшін жойғызу туралы арызы бойынша азаматтық істі қарады.

Атырауда облыстық әкімдігі мен облыстық сот ынтымақтастық меморандумға қол қойды

28/06/2016

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев және Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов татуластыру рәсімдері институтын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Салтанатты шара Атырау облысы әкімдігінде өтіп, оған облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық соттың судьялары, Соттар әкімшісі мен әкім аппараты басшылары, кәсіби медиаторлар қатысты.

Республиканың судьялар корпусы Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен журналистерді құттықтады

28/06/2016

Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан Бектұрғанов журналистерді жемісті, жан-жақты және сапалы қызметтері үшін алғысын білдірді.

«БАҚ пен қоғам үшін соттар әрқашан ашық, біз әрқашан ынтымақтастық пен байланыс орнатуға қуаныштымыз», - деді ол, журналистерге олардың жауапты қызметіне сәттілік тілеп, естелік сыйлықтар мен гүлдерді сыйға тартты.

Өз кезегінде БАҚ өкілдері сот қауымдастығына көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдіріп, оларға еңбектерінде табыс тіледі.  

Жоғарғы Сотта «Азбука жилья» ТК үлескерлеріне олардың бірінші сатыдағы сот шешіміне шағымдану құқығы түсіндірілді

28/06/2016

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы хатшылығының меңгерушісі Ғабит Мәуленқұлов жоғары сот органына келген үлескерлерге бірінші сатыдағы соттың шешіміне апелляциялық тәртіпте шағымдану құқығын түсіндірді.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

28/06/2016

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистерді алдағы келе жатқан кәсіби мерекелері ‒ Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Салтанатты кездесуге «КТК» телеарнасындағы «Черный квадрат» бағдарламасының шеф-редакторы Валерий Тараканов, сондай-ақ, республикалық және жергілікті БАҚ-тың басшылары мен журналистері қатысты.