Астананың ювеналдық соттың төрағасы «Балаларға мейірімді Қазақстан» атты республикалық конференцияға қатыстыв работе республиканской конференции «Казахстан, дружественный к ребенку»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың төрағасы Нәзиля Раззақ ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ), Орталық Азиядағы Renal Reform International, «Eurasian Expert Council Foundation» ҚҚ қолдауымен «Балаларға мейірімді Қазақстан» атты республикалық конференциясына қатысты. 

Республикалық конференцияға Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Загипа Балиева, ҚР-дағы БҰҰ Балалар Қорының (ЮНИСЕФ) өкілі Юрий Оксамитный, Қазақстанның Азаматтық Альянсы президенті Нұрлан Ерімбетов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.Цой, ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы И.Лепеха, ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаменті бөлімінің бастығы П.Шынбаева, басқа да мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес сектордың өкілдері қатысты.

Конференцияны өткізу мақсаты үкіметтік, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдарды халықаралық стандарттарға сәйкес балалар құқығын қамтамасыз етудің өзекті мәселесін шешу үшін біріктіру болып табылады.

Н.Раззақ «Қазақстан Республикасында кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен дауларды қарастыру кезіндегі бала құқығы» атты өзінің баяндамасында куә-бала немесе қылмыс құрбандары, заң бұзған балалар, әкімшілік, азаматтық не қылмыстық талқылаулардың тараптары немесе қатысушылары болып табылатын балалар нақты әлеуметтік және заңды тұрғыда кедергілерге және өзінің «кәмелетке толмаған» деген мәртебесі салдарынан ерекше осал жағдайға кездесетінін атап өтті. Ол барлық қатысушыларды қиын жасөспірімдерді тура жолға салуда атсалысуға шақырды».

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі