Елордада «Отбасы соты» жобасындағы соттардың жұмыс нәтижелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот судьяларының қала және аудан соттарының судьяларымен, неке-отбасы қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың өкілдерімен кездесуінде Ұлболсын Сүлейменова «Отбасы соты» жобасы шеңберінде елорда соттарының жұмыс нәтижесімен таныстырды.

Жоба Алматы аудандық сотының базасында 2018 жылдың қыркүйек айынан бастап, қалған соттарда – ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап іске асырылды. Сондай-ақ, жобада отбасындағы тұрмыстық күш қолданумен байланысты істердің санаттары бойынша ювенальды сотқа және әкімшілік сотқа қатысады.

Жоба шеңберінде неке-отбасы істерін қарау тәсілдемесі өзгертілді, судьялардың әрекет ету алгоритмі әзірленді, жанжалдасушы ерлі-зайыптыларды татуластыру мақсатында психологтар мен әр түрлі уәкілетті органдар, сондай-ақ әр түрлі қоғамдық ұйымдар тартылады.

Жоба сот тәртібінде жүргізілген татуластыру рәсімдерінің өсуіне бағытталған. Мысалы, некені бұзу мәселесі бойынша өтініш білдірген 1086 ерлі-зайыптыдан 362 (үштен бір бөлігі) – татуласты және некелер сақталды. Некені бұзу себептері алкогольдік және есірткіге тәуелдік, құмар ойындар деп аталды.

Жанжалды бастан кешіріп жатқан отбасымен жұмыс бойынша МӘС оң жұмыс тәжірибесі мақұлданды және қабылданды. Мысалы, татуластыру процесінде ерлі-зайыптылармен жұмыс жасау кезінде психологтар мен медиаторлардан басқа өздерінің проблемаларын шешу үшін ерлі-зайыптылар жіберілетін мемлекеттік органдар – наркологиялық орталықтың, жұмыспен қамту орталығының, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері тартылады. 2019 жылдың І тоқсан ішінде 70 құқық бұзушы алдын алу есебі тіркелді, 132 – психологтың кеңес алды, 27 алкоголь мен есірткі құмарлықтан емдеуге жіберілді, 15 – жұмыспен қамту орталығына жолданды, 14 – заңи көмек орталықтарында кеңес алуға, 7 – Аналар кеңесіне және 3 – Әкелер кеңесіне жіберілді.

Кездесуде жобаның қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды, уәкілетті органдардың өкілдеріне отбасылар тап болған жағдайлардағы әртүрлі рәсімдерді ыөтимал шешу жолдары мен шарттары түсіндірілді.

Өз кезегінде азаматтық хал актілерін тіркеу органдарына, жұмыспен қамту басқармасына азаматтар соттарға жүгінетін мәселелерді шешу бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі