Астананың «түнгі» соты 4 мыңға жуық істі қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Түнгі сот» жобасы аясында өткен жылдың маусым айынан бері жұмыс істеп келеді. «Түнгі сот» 9 айдың ішінде 4 мыңға жуық әкімшілік істі қарады.

Істердің басым көпшілігі жүргізушілердің адамның денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты.

«Түнгі сот» 2018 жылдың қазан айының ортасынан бері отбасылық-тұрмыстық құқықтық қатынастар мен көші-қон заңнамасы саласындағы істерді қарай бастады. Тараптар тұрмыстық даулар бойынша әдетте өзара татуласады.

«Түнгі соттағы» материалдар 18 сағат 30 минуттан бастап 22 сағатқа дейін жеделдетілген тәртіппен қаралады.  Бұл өз кезегінде өздеріне хаттама жасалған шетел азаматтарына кешікпей әрі басы артық шығын шығармай елден тез кетіп қалуларына мүмкіндік береді.

Пікірлерге жасалған талдау адамдардың өздерінің сақтандыру төлемдеріне қатысты мәселелерді жедел шешуге ризалықтарын білдіретіндігін көрсетті. Өйткені олар сот қаулысы заңды күшіне енгеннен кейін үш-бес тәулік аралығында сақтандыру сомаларын ала алады. Мұның өзі азаматтарға материалдық залалды өтеу бойынша әсерлі көмек болып табылады.

Жоба аз ғана уақыттың ішінде жанжалды жағдайларды азайтып, өзінің жұмысының тиімділігін көрсетіп, халықтың ықыласына ие болды.

Қайнар: 
Астана қалалық соты