Астана қалалық соты

Елордада «Отбасы соты» жобасындағы соттардың жұмыс нәтижелері талқыланды

16/04/2019

Жоғарғы Сот судьяларының қала және аудан соттарының судьяларымен, неке-отбасы қатынастары саласында функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың өкілдерімен кездесуінде Ұлболсын Сүлейменова «Отбасы соты» жобасы шеңберінде елорда соттарының жұмыс нәтижесімен таныстырды.

Астананың «түнгі» соты 4 мыңға жуық істі қарады

09/04/2019

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты «Түнгі сот» жобасы аясында өткен жылдың маусым айынан бері жұмыс істеп келеді. «Түнгі сот» 9 айдың ішінде 4 мыңға жуық әкімшілік істі қарады.

Істердің басым көпшілігі жүргізушілердің адамның денсаулығына зиян келтіруге, көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты.

Еңбек дауларын қарау жөніндегі пилоттық жобаның тиімділігі туралы

05/04/2019

«Байқоңыр» ауданының сотында, Есіл аудандық және Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарында «Еңбек дауларының және көпшілік-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың профилактикасы» пилоттық жобасы іске асырылуда.

Бұл жоба еңбек ұжымдарындағы дау-жанжалдарды азайтуға бағытталған. Осындай мақсатпен қала ұйымдары мен кәсіпорындарында аталған жоба аясында еңбек-құқықтық қатынастары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Татуласу рәсімдері» жобасын іске асыру: жыл басынан бері барлық істердің 76%-ы тараптардың татуласуы арқылы шешілді

15/03/2019

Астананың Сарыарқа аудандық сотында «Татуласу рәсімдері»  жобасы осыдан тура бір жыл бұрын қолға алына бастаған болатын. Сотта жобаны іске асыру кезінде тараптарға дауды медиатордың, адвокаттар мен татуластырушы судьялардың қатысуымен баламалы жол арқылы шешу ұсынылады.

Астанада судьялар мен мамандар үшін «Training workshop» сабағы өткізілді

26/02/2019

Астана қаласы Сарыарқа ауданының судьялары мен мамандары «Адамдар арасындағы қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық проблемалары» тақырыбы бойынша «Training workshop» тренингіне  қатысты.

Іс-шара адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың проблемаларын тиімді шешу үшін қажетті практикалық білім алып, дағдыларға машықтануға бағытталған. Үйрету сабағын профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік қызметшілердің құзыретін зерделеу орталығының меңгерушісі Лейла Асылбекова жүргізді.

Астанада «Отбасылық сот» пилоттық жобасының артықшылықтары талқыланды

20/02/2019

Астана қ. Алматы аудандық сотында  «Отбасылық сот» жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова, Астана қ. сотының азаматтық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы және судьялары Қуанышбай Әлжіков пен Гүлнара Әбдіғалиева,  судьялар, адвокаттар, психологтар мен медиаторлар қатысты.

Судьялар мен сот қызметкерлері шаңғымен жарысты

04/02/2019

Салауатты өмір салтын және корпоративтік мәдениетін нығайтуды насихаттауға бағытталға іс-шараны Астана қ. соты ұйымдастырды. 

Осы жарысқа жоғары сот органы мен Астана қаласы сотының судьялары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің қызметкерлері қатысты.

Жеңімпаздар сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты Telegram және WhatsApp арқылы 70-ден астам өтінішке жауап берді

21/01/2019

Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты 2018 жылдың 15 қазанында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Telegram және WhatsApp мессенджерлері арқылы қабылдау сервисін енгізді. 

Жаңалық соттың ашықтығы мен айқындығына қол жеткізу, сондай-ақ халықпен өзара іс қимыл жасау мақсатында енгізіліп отыр. Бұл өтініштер бойынша шараларды қысқа уақыттың ішінде пысықтап, олар бойынша өзекті мәліметтерді ұсынуға мүмкіндік береді. Осылайша, мессенджерлер арқылы 70-ден астам өтініш келіп түсіп, оларға жауап қайтарылды.

Беттер