Астана қ. сотында татуластыру рәсімдерін дамыту мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қ. сотында «Татуластыру, рәсімдері еңбек даулары мен жария-құқықтық қатынастардан туындайтын даулардың профилактикасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға судьялар, прокуратураның, нотариат палатасының, адвокатура, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, «Нұр Отан» партиясының, Астана қ. білім беру және энергетика басқармаларының өкілдері, медиаторлар қатысты. Астана қ. сотының судьясы Гүлжанат Рахметова сөз алып, бұған дейін қол қойылған Татуластыру рәсімдерін дамыту және шиеленіссіз қоғамды қалыптастыру жөніндегі меморандумдарды іске асыру шеңберінде бірқатар іс-шараның өткізілгенін атап өтті.

Сындарлы диалог болды, атқарылған жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Білім беру басқармасының өкілдері мектеп медиациясы бойынша жобалардың сәтті іске асырылып жатқаны туралы мысалдар келтірді. Медициналық мекемелердің қызметкерлері медициналық қызмет көрсету саласындағы дауларды сотқа дейін реттеуге бағытталған медиаторлармен бірлескен жұмыс туралы хабарлады. Кәсіподақтардың, қалалық ортаны бақылау және сапасы басқармасының өкілдері   - еңбек даулары профилактикасы шеңберінде бірлесе іс-қимыл жасасу туралы айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар сауанама толтырып,  «шиеленіссіз қоғамға қалай келу» жөнінде өз пікірлерін білдірді. Олар, атап айтқанда, медиация институтын мектеп қабырғасынан бастап таныстыру, нотарустарға шарттарды рәсімдеу кезінде медиация туралы ескерту мен дауды сотқа дейінгі реттеу туралы шарттарды қосу, ал медиаторларға – жұмыты жандандыру, орталықтандырылған сайт құру және даулардың санаттары бойынша мамандық енгізу қажеттігін қолдады. Медиаторлардың өздері заңнамаға олардың жұмыстарын жақсартуға ықпал ететін түзетулер бойынша ұсыныстар енгізді.

Кездесуге қатысушылар татуластыру рәсімдерін одан әрі дамыту және даулардың профилактикасы бойынша ұсынымдар әзірледі.

 

Источник: 
Астана қалалық соты