Сот кәсіпкерлерді татуластыра отырып, талапкерге жарты миллионға жуық төленген мемлекеттік бажды кері қайтарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына АҚ-нан 16 миллион теңгеден астам берешекті, миллионға жуық тұрақсыздық пен мемлекеттік бажды өндіріп алу туралы ЖШС жүгінген.

Бұрын олардың арасында жеткізу шарты жасалған. Дау акционерлік қоғамның оның шарттарын орындамауынан туындаған.

“Сотта татуласу рәсімдері” жобасын іске асыру шеңберінде судья істі қарауға дайындау барысында тараптар өкілдерімен әңгіме жүргізіп, татуласу рәсімдерінің артықшылықтарын уақыт пен ақшаны үнемдеуді, іскерлік қатынастарды сақтауды түсіндірді. Бұл ретте, талапкердің өкілі сот отырысына "TrueConf" мобильдік қосымшасы арқылы облыстан тыс жерде бола тұра  қатысты.

Тараптар судьяны тыңдап, татуласуға келуді шешті және дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол қойды. Оның шарттарына сәйкес жауапкер тауарды жеткізу бойынша 16 060 800 теңге және 265 000 теңге тұрақсыздық айыбын төлеуге, ал талапкер - талап-арыздан бас тартуға міндеттеме алды.

Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талапкерге 497 724 теңге болатын мемлекеттік баж кері қайтарылды.

Жанжалдың мәнін дұрыс түсіну оның тез шешілуіне ықпал етеді, ал татуласу рәсімін және оның салдарын сапалы және жан-жақты түсіндіру медиация рәсімін табысты жүргізуге мүмкіндік береді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызмет