Астанада балаға жанашырлық сот төрелігі мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қалалық сотында «Балаға жанашыр сот төрелігі» тақырыбы бойынша халықаралық «дөңгелек үстел» болып өтті.

Оның жұмысына Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Зонтхофен (Германия) Учаскелік соты төрағасының бірінші орынбасары Кристиан Рох, Германия жастар істері жөніндегі ведомствоның өкілі Керстин Бекманн, Астананың судьялары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасы-көші-қон саясаты жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Елена Тарасенко, БҰҰ-ның (ЮНИСЕФ) ҚР-дағы Балалар қоры өкілдігінің орынбасары Вероника Ващенко қатысты. Талқылауға сондай-ақ бірқатар министрліктер мен ұйымдардың өкілдері де қатысты.

Ұлбосын Сүлейменова сөз сөйлей келе, «Отбасылық сот» пилоттық жобасының орындалу, 2018 жылғы қыркүйектен бастап жоба аясында Алматы аудандық соты, Астана ювенальдық және әкімшілік соттары судьяларының неке-отбасылық істерді қарау барысы туралы ақпаратқа тоқталды. Спикер неке-отбасылық істерді қарауға және отбасылық  қатынастарды сауықтыруға бағытталған судьялар әрекеттерінің алгоритмін жасауға көзқарастың өзгергенін хабарлады. Жанжал деңгейін және тараптармен бұдан әрі жұмыс істеу тактикасын анықтау, олардың психологтардан, медиатор мен адвокаттан ақыл-кеңестер алуы үшін психологтарды ерікті негізде тарту, осындай істерді қарау кезіндегі жаңалық ретінде аталып өтілді. «Осындай отбасыларға ілесе жүру үшін судьядан, психологтан және отбасын нақты күрделі ахуалдан алып шығу жөніндегі әлеуметтік қызметкерден тұратын консультативтік кеңес жұмыс істейді», - деп атап өтті Ұ.Сүлейменова.

Жоғарғы Соттың судьясы ағымдағы жылдан бастап республиканың барлық өңірлерін пилоттық жобаға қосу және 8 өңірге Қоғамдық даму министрлігі тарапынан ресурстық қолдау көрсету жөнінде атап айтты.  «Отбасы институтын сақтап қалу үшін соттардың меморгандармен және қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауының кешенді сипаты қажет», - екеніне сенімді Ұ.Сүлейменова. 

Кристиан Рох Германиядағы отбасылық құқық, сот құрылымы, соттылық, отбасылық және ювенальдық соттардың ара-жігі, отбасылық істерді жүргізу, неке-ажырасу үрдістері, сондай-ақ балалардың құқықтары туралы дауларды шешу кезіндегі отбасылық соттардың қызметі туралы айтып берді.

Астананың Алматы аудандық сотының судьясы Майя Қасымова ажырасу туралы талап арыз берген отбасылық жұптардың  94 %-ының «Отбасылық сот» арқылы татуласқанын хабарлады. Осылайша, осындай қадамға барған ерлі-зайыптылар үшін отбасылық психологтардың көмегі өте ықпалды болды. М.Қасымова сырттай қолайлы жағдайда көрінетін, бірақ қолданыстағы әлеуметтік жобалармен қамтылмаған,  және әлеуметтік әрі психологиялық қолдауды қажет ететін отбасылардың көп екенін атап өтті. Отбасының күйреу себептері ретінде тұрмыстық зорлық-зомбылық, тұрмыстық проблемалар, материалдық және объективті өмірлік қиындықтарды өз бетімен еңсере алмау, мәселені шешу мүмкіндігін ерлі-зайыптылардың бірінің немесе екеуінің тек некені бұзу деп білуі аталды. «Отбасылық дағдарысты ахуалдан ерлі-зайыптылар ауырсынбай өтуін қамтамасыз ететін құрылымдардың болуы көптеген отбасылардың сақталуына септігін тигізген болар еді», - деп санайды М.Қасымова.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айгүл Қайдарованың айтуы бойынша, МАС-та тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты істерді қарау кезінде  Наркология және психотерапия орталығының, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының, «Үміт» дағдарыстық орталығының мамандары, «Право» қорының және Психологиялық қызмет орталығының психологтары тартылады.

Жастар және отбасы істері жөніндегі комитеттің отбасылық саясатты үйлестіру басқармасының басшысы Гуля Аблаисова осы саладағы өзекті мәселелерді ашып-анықтауға, отбасылық қатынастарға тартылған органдармен жұмыс жасаудың түрлері мен тәсілдерін пысықтап шығаруға бағытталған Отбасын ресурстық қолдау орталығын құру туралы тілге тиек етті.

Астананың ПД-і жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Тахир Абдурахманов тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасында полицияның сот органдарымен өзара бірлесе іс-қимыл жасауы жөнінде, Психологииялық қызметтер орталығының жетекшісі Людмила Куликова – отбасылық дағдарыста тұрған ерлі-зайыптыларға психологиялық ілесе жүру әдістері туралы әңгімелеп берді. Наркология және психотерапия орталығының бас дәрігері Ольга Комарова отбасылық қатынастардағы тәуелділікті туындататын аурулар туралы және қиын өмірлік ахуалдан шыға алмай қалған адамдарды қорғау туралы «Право» қорының жетекшісі Анна Рыль өз ойларын ортаға салды.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сындарлы талқылау болды.

Кездесуге қатысушылар «Отбасылық сот» жобасын іске асыру және танымал ету бойынша бірқатар ұсыныстар дайындап шығарды.

Источник: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі