Астанада судьялар мен мамандар үшін «Training workshop» сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласы Сарыарқа ауданының судьялары мен мамандары «Адамдар арасындағы қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық проблемалары» тақырыбы бойынша «Training workshop» тренингіне  қатысты.

Іс-шара адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың проблемаларын тиімді шешу үшін қажетті практикалық білім алып, дағдыларға машықтануға бағытталған. Үйрету сабағын профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік қызметшілердің құзыретін зерделеу орталығының меңгерушісі Лейла Асылбекова жүргізді.

Семинарға қатысушыларға адамдар арасындағы қарым-қатынастар, олармен араласудың функциялары мен түрлері, кәсіби қызметте ауыртпалықтарға төзу әдістемесі түсіндірілді.

«Соттар жаңғырту аясында адамдармен кедергісіз жұмыс істеуге көшті. Судьялар мен мамандар күн сайын қаншама адамдармен жүздесіп, олардың мәселелерін шешуге қатысады. Жұмыс кей жағдайда жүйкеге салмақ түсіретін қаурыт жағдайда жүреді. Осыған байланысты қазіргі заманғы мемлекеттік қызметшілер адамдармен барынша ашық қарым-қатынаста болып, келушілер олармен сөйлесе алатындай ахуалды қалыптастыруға тиіс», -деп атап көрсетті сот төрағасы Арман Жүкенов.

Источник: 
Астана қалалық соты